Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ең пайдалы үш дәмдеуішті атады

Ғалымдар ең пайдалы үш дәмдеуішті атады

Фото: depositphotos.com
Айдахо штаты университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, тағам құрамында аз ғана мөлшерде қара бұрыш, даршын және қалампыр болса, соның өзі жүрек саулығын нығайтып, жасушаларды қорғай алатынын анықтады. Бұған дәмдеуіштердегі полифенолдардың жоғары мөлшері ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері Nutrients журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Life Газета.Ru-ға сілтеме жасап.
Зерттеу аясында 212 ересек адамнан 27 түрлі аспаздық дәмдеуіш пен шөпті қаншалықты жиі қолданатыны туралы сауалнама сұралған. Алынған мәлімет халықаралық Phenol-Explorer базасындағы полифенол құрамымен салыстырылды.
Нәтижесінде қатысушылар айына орта есеппен тек дәмдеуіштердің өзінен шамамен 680 миллиграмм полифенол қабылдайтыны анықталды. Бұл тағам арқылы түсетін осы заттардың жалпы көлемінің шамамен 12 пайызына тең.
Полифенолдардың ең жоғары үлесін қара бұрыш, даршын және қалампыр қамтамасыз еткен. Бұл дәмдеуіштерде белсенді қосылыстардың концентрациясы ерекше жоғары.
Зерттеу авторларының айтуынша, клиникалық және популяциялық зерттеулерде тағамдық талдаулар кезінде дәмдеуіштер көбінесе ескерілмейді, соның салдарынан антиоксиданттардың жалпы деңгейі төмендетіліп көрсетілуі мүмкін. Ал дәмдеуіштерді тағамға қосу рационның биологиялық құндылығын арттырудың қарапайым әрі калорияны көбейтпейтін тәсілі.
Полифенолдар — айқын қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттері бар қосылыстар тобы. Олар жүрек-қантамыр жүйесінің, зат алмасудың және қартаю үдерістері жағдайына оң әсер етеді.
17 қазан 2025 ж. 211 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031