Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала – болашақтың жалғасы

Бала – болашақтың жалғасы

Әрбір бала – адамның келешегі, өмірінің жалғасы. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу, өз ортасының саналы мүшесі етіп өсіру, ата-ананың ардақты борышының бірі. Бала жастық шағында отбасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде көргенін, естігенін істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе, бүйтпе» деп отырса да бала ынжық, жасқаншақ болады.

Сонымен бірге шамадан тыс қаталдық көрсету де бала өміріне зиянын тигізеді. Кейде қаталдық керек десек те... Оның дұрыс жолдарын қолдана білген жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тағылымды, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың біразы телевизор, компьютерден ұрып-соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Сөйте келе ненің дұрыстығын, немесе бұрыстығын түсіне бермейді. Ата-анасының жазасын әділетсіз деп сезінеді. Бірақ балаға кінәсін дұрыстап түсіндіріп, өз қылығын олардың көзімен көруге тырыстыру керек.

«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші қашанда отбасы тәрбиесінің әсері мол. Өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, балаға кері әсер етеді. Отбасындағылардың мінез-құлқы әрдайым үлгі-өнеге алатын басты нысана саналады. Сондықтан өмірдің жеке-дара тұлғасы саналатын баланың өз құқығын қорғау конвенциясын қолдай отырып, мектебімізде «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық ақпараттық науқан бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілді. Онда ата-аналар қауымына жас ұрпақты жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өсуге машықтандыру жолдары жан-жақты түсіндірілді. Отбасы мүшелері мен мектеп ұжымының байланысы нығайып, жандана бастады.

Сөз соңында айтарымыз, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді. Олай болса онымен дос, сырлас бола білейік. Өйткені, ешқашан қаталдықпен адам тәрбиесі дұрыс жолға түсуі мүмкін емес.
Мұхтар ЖҰБАНДЫҚОВ,
№ 170 орта мектеп директорының орынбасары
28 желтоқсан 2018 ж. 2 496 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930