Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Қызылорда қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты кең ауқымды акция өтті.
Шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы мен Қызылорда облыстық Әділет департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Акция ХҚКО 20 жылдығына орай өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік қызметтер мен құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң саласындағы өзекті сұрақтарына нақты жауап алуына мүмкіндік жасау. Шара барысында азаматтарға әділет органдарының мамандарымен қатар, нотариус және жеке сот орындаушылар палаталарының өкілдері де кеңес берді.
«Біздің мақсатымыз – азаматтарға сапалы және қолжетімді құқықтық көмек көрсету. Аталмыш акциясы арқылы тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға кәсіби мамандардан нақты жауап ала алады. Бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтады», – деді облыстық филиал директоры Аида Абибуллаева.
Акцияға қатысқан тұрғындар көрсетілген қызметтерге ризашылығын білдіріп, мұндай бастамалардың жиі ұйымдастырылуын қолдайтындарын айтты.
17 қазан 2025 ж. 243 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031