Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді

Елімізде педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді

Фото: istockphoto
Бүгіннен бастап Қазақстанда педофилия қылмысын жасаған адамдарға химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді.

Бұл өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына» енгізілген түзетулер аясында жүзеге асады. Жаңа ереже бойынша, химиялық кастрация психиатриялық немесе амбулаториялық медициналық ұйымдарда сот шешіміне сәйкес жүргізіледі.

«Сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда, түзету мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды. Сараптама қорытындысы негізінде химиялық кастрация қолдану туралы шешім қабылданады» делінген министрлік хабарламасында.

Химиялық кастрация 18 жастан асқан, педофилиялық сипаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға ғана қолданылады. Бұл шара соттың заңды күші бар шешімімен ғана жүзеге асырылады және психикалық ауытқуы бар адамдарға қолданылмайды.

Министрлік дерегінше, кейінгі екі жылда елде 96 адамға осындай шара тағайындалған: 
2023 жылы - 40 адамға
2024 жылы - 56 адамға. 

17 қазан 2025 ж. 280 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 81

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 81

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 71

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930