Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 13 600-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Елімізде 13 600-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Фото: Depositphotos
Елімізде «Тасымалдаушы» республикалық акциясы аясында жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті әкімшілік полиция комитетімен бірге еліміз бойынша ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Акцияны Бас көлік прокуратурасы ұйымдастырды.
Басты мақсат — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акция нәтижесінде 13,6 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
1 167 — жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерін бұзу;
394 — жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілері (көбіне такси жүргізушілері);
1 962 — техникалық байқаудан өтпеген немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдары.
Оң рөлді көліктерді тексеруге (Toyota Alphard, Estima және т. б.) ерекше назар аударылды. 213 қарсы бағыттағы жолаққа шығу дерегі тіркелді. Сондай-ақ, такси жүргізушілерінің бір тәулікте 5–6 аралық рейс орындау жағдайлары жиі кездеседі. Бұл еңбек және демалыс режимін бұзу болып саналады.
"Жүргізушінің шаршаған күйінде көлік басқаруы мас күйде көлік жүргізумен тең қауіп тудырады", — деп атап өтті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері.
268 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, 2 506 жүргізуші көлік басқарған кезде ұялы телефонды қолданған.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жарамдылығы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.
Профилактикалық шаралар жалғасын табады.
17 қазан 2025 ж. 177 0

Қасиеттің де құны бар

15 қараша 2025 ж. 31

Жанарымда жарық әлем

15 қараша 2025 ж. 47

Білім саласы бақылауда

15 қараша 2025 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930