Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде және Қазақстанда алтынның бағасы аспандап тұр

Әлемде және Қазақстанда алтынның бағасы аспандап тұр

Фото: Рexels.com
Әлемдік нарықта алтынның бір трой унциясының құны 4 254 доллардан асты, ал Қазақстанда ресми курс бойынша 1 грамм алтынның құны 72,7 мың теңгеден өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
Investing.com деректеріне сәйкес, 31 грамм алтынның бағасы 4 254 доллардан асты. Қазіргі валюта бағамымен бұл шамамен 2 295 720 теңгеге тең.
“Алтын бағасының өсуі жалпы экономикалық және геосаяси тұрақсыздықпен, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленістерімен, Америка экономикасының баяулауымен және қазан айында АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген болжаммен байланысты”, – дейді сарапшылар.
Инвесторлар жаппай алтынға инвестиция жасап жатыр. Бұл өз кезегінде оның бағасының өсуіне себеп болып отыр.
Қазақстандағы алтын бағасы да әлемдік үрдістен қалыспай өсіп келеді. Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 16 қазанда 1 грамм алтынның бағасы тарихи жаңа рекордқа жетіп, 72 706,69 теңге болды.
Қазіргі ресми алтын бағамы былтырғы дәл осы күнмен салыстырғанда 74,86%-ға жоғары. Былтыр осы кезде 1 грамм алтынның құны 41 578,86 теңге болған.
Дегенмен сарапшылар алтын құймаларын сатып алуды немесе сатуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға аса мұқият болуға кеңес береді. Себебі бағалы металлдың құны төмендеуі мүмкін.
17 қазан 2025 ж. 244 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 32

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031