Берік отбасы есірткіден алыс
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Бала отбасында тәрбие алады. Ата-анасы баласының жақсы болып өскенін қалайды. Сол үшін оған үнемі ақыл айтып, дұрыс жол көрсетіп отырады.
Есірткі – барлығымызға таныс сөз. Есірткі адамның денсаулығына, жүйке жүйесіне әсер ететін зиянды зат. Есірткі қолданған адамдардың ішкі ағзасы бұзылып, өмірлері баянсыз, тіпті отбасыларын да ойран етеді. Есірткіні бір рет қолданса, келесі күні денесі осы есірткіні тағы да қалап тұрады. Міне осылайша бірте-бірте адам есірткіге тәуелді болып қалады. Қазіргі кезде есірткіге жастардың көбісі тәуелді. Ересек адамдар да есірткіге үйір болып бара жатыр. Негізінде жастар үлкендерден үлгі алады. Ал, үлкендер жастарға өнеге болуы үшін, жақсы нәрсемен айналысуы керек . Бірақ үлкен, ересек адамдардың өзі есірткіге тәуелді бола берсе, келешек жастар да осы есірткіге тәуелді болып кетуі мүмкін. Отбасындағы ата-анасы есірткіні пайдаланса, оның баласы дүниеге келгенде кемтар болып туылады. Сондықтан есірткіні қолданбау керек.
Балалар ата-анасына қарап бой түзейді. Ата-ана баласын үнемі қадағалап, оның қандай ортада жүргенін бақылап отыруы керек. Әсіресе баласы кіммен дос болып, қандай ортада жүр, осының барлығын қадағалауы отыруы керек. Менің ата-анам маған және бауырларыма ү ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, жаман нәрселерге жоламауымыз керектігін айтып отырады. Менің отбасым есірткіден алыс. Мен олардан үлгі алып, жақсы нәрселерді бойыма сіңіреп отырады.
Кеңесовтер отбасы ,
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына»
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ