Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс сапасы қадағаланды

Құрылыс сапасы қадағаланды

Бірер күн бұрын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Қ.Пірімов атындағы ауылға арнайы барып, жаңадан салынып жатқан спорт кешенінің жұмысын көрді.
Соңғы уақыттары спорт кешенінің құрылыс жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына ескертіп, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағында Жетес би ескерткіші орналасқан алаңға барып, атқарылған жұмысты көрді.
Осыдан біршама уақыт бұрын аудан басшысы ескерткіш маңында тұратын халықпен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдаған болатын. Сол кезде тұрғындар Жетес би ескерткіші орналасқан алаңдағы жасыл желекке аяқ су қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай алаң ішінен бір ұңғыма қазылып, мәселе шешімін тапқан болатын. Бүгінгі таңда осы ұңғыма арқылы жасыл желек суарылуда.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 маусым 2022 ж. 734 0

Еңбегі елдің есінде

28 ақпан 2026 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031