Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат депутаты сауда орталығына келушілермен кездесті

Сенат депутаты сауда орталығына келушілермен кездесті

Аймағымызда жалпыұлттық референдумды қолдау бойынша іс сапарда жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Arai City» сауда орталығында келушілермен кездесу өткізді.
Сауда орталығында өткен кездесуге облыстық партия филиалы жанындағы штаб төрағасы Ләйлә Төрешова мен бірқатар штаб мүшелері де қатысты.
Сенатор тұрғындармен жүздесу барысында жерлестеріне конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы жан-жақты түсіндіріп, маңызды деген сұрақтарға жауап берді.
«Бүкіл саяси, экономикалық жүйемізде, әлеуметтік өмірде жиналып қалған проблемаларды Ата заңымызды өзгертумен біз тепе-теңдік сақтауға, қайтаруға бағытталған үлкен реформаның алдында тұрмыз. Ашық талқылау өздеріңіз көріп отырсыздар. Осындай халық көп шоғырланатын ашық сауда орталықтарында кездесу өткізіп, әр топқа түсініктеме беріп, бұл референдумның маңыздылығы, өзгерістері туралы арнайы келіп түсіндірме жүргізіп жатырмыз. Алдағы ауқымды науқанға Сіздердің яғни сырбойылық тұрғындардың ұйымшылдықпен қатысатынына сенемін» деді Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова.
23 мамыр 2022 ж. 619 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930