Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекедегі мерейлі марапат

Мерекедегі мерейлі марапат

Қазақстан ­Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен ­марапатталды.
Қызылорда қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты салтанатты шарада марапат төрінен көрінгендердің қатарында қазалылықтар да бар.
«Құрмет» ордені кәсіпкер, меценат, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілептің мерейін асырса, «Еңбек Даңқы» орденін «РЗА-Агро» ЖШС бас агрономы Нұрлан Наурызбай кеудесіне тақты.
Елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтарға берілетін мемлекеттік награда – «Құрмет» ордені лайықты иесін тапты. Себебі Ібайдулла Тілептің Қазалы ауданының экономикасы дамуында өзіндік үлесі бар.
Бүгінде кәсіпкерлігімен қатар меценаттығымен танымал азаматты қазалылықтар жақсы біледі десек артық айтқандық емес. Сонымен қатар, Ібайдулла Тілеп бірнеше жылдан бері облыстық мәслихаттың депутаты ретінде аудандағы түйіткілді мәселелердің оң шешімін табуына елеулі үлесін қосып жүр.
Салтанатты шарада аймақ басшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың қолынан Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның мұғалімі Асқар Олжакеш, «Жеңіс» шаруа қожалығының жетекшісі Есет Серімов, «Агро-Өркен» ЖШС директоры Медеу Есқожаев, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мәдени ұйымдастырушысы Жұбаназар Әбуов Қазақстан Республикасының «Құрмет» грамотасын алды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 желтоқсан 2021 ж. 1 019 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 132

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031