Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала қызметкерлері марапатталды

Сала қызметкерлері марапатталды

Елімізде жыл сайын қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аталып өтіледі. Осыған орай бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында газ шаруашылығы саласының мамандары марапатталды.
Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мереке иелерін құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін газ шаруашылығы саласының мамандарына алғыс айтты.
Мұнан соң «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығы мекемесінің бір топ қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада облыстық мәслихат депутаты, «Тілеп» ЖШС директоры Ібайдулла Тілеп, аудандық мәслихат депутаты, аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді.
Ал, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Қуаныш Сансызбаев мереке қарсаңында сала қызметкерлеріне көңіл бөліп, марапаттап жатқан аудан әкіміне алғысын айтты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

04 қыркүйек 2021 ж. 895 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031