Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылысқа қырағылық қажет

Құрылысқа қырағылық қажет

Бейсенбі күні Қазалы ауданы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің қатысуымен мәжіліс өтті. Басқосуға облыстық басқарма басшылары мен коммуналдық мекеме және серіктестік директоры қатысты.
Мәжілісте алғашқы болып облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов сөз сөйлеп, аудандағы жол жөндеу мәселелері туралы баяндады.
– Қазалы ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 3 миллирад 11 миллион теңгенің 35 жобасы қолға алынған. Сәтін салса жыл аяғына дейін жұмыстар толық аяқталады. Сонда ғана аудандық маңыздағы жолдардың сапасы 82 процентке жетеді және сол үшін аянбай еңбек етудеміз, – деді басқарма басшысы Мұрат Тілеумбетов.
Қазалы ауданындағы құрылыс жұмыстары туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов, ауызсу және электр желісімен қамту, газдандыру жұмыстары жайында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов қысқаша айтып берді. Басқарма басшылары өз салаларына қатысты жұмыстардың барлығы кестеге сәйкес жүріп жатқандығын да тілге тиек етті.
Кездесуге қатысқан коммуналдық шаруашылық басшылары мен серіктестік директорлары толғандырған мәселелерді ортаға салып, шұғыл шешімі табу қажет ұсыныстарын жеткізді.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Қазалыда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, айтылған мәселелердің барлығы назарда болатынын жеткізді. Сондай-ақ басқарма басшыларына күн тәртібінде қаралған мәселелер мен айтылған ұсыныс-пікірлерді жіті қадағалауды тапсырды.
Басқосуда Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға қатысты әрбір жобаға ұсыныстарды тыңдап, оған қолдау көрсеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовке ризашылығын білдірді.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары өткен жылы басталған Қазалы қаласын газбен жабдықтау жұмысымен танысты. Шаруаны «МБК Құрылыс» ЖШС қолға алған болатын. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген ­кестеге сай жүріп жатыр.
Келісімшарт бойынша нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі. Алайда бас мердігермен келісілген жұмыстарды орындау жоспарына сәйкес құрылысты биылғы жылдың қазан айына дейін аяқтап, Қазалы қаласын газ желісіне қосу жоспарланып отыр.
Қарқынды тірліктің жай-жапсарымен танысқан облыс әкімінің орынбасары қаланы газдандыру жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тиісті сала басшыларына жүктеді.
Қазіргі таңда Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығындағы жолды кеңейту жалғасуда. Құрылыстың бюджеті өтпелі болғандықтан келесі жылы пайдалануға беріледі деген жоспар бар.
Жоба бойынша 7 шақырым автомобиль жолын 4 жолаққа дейін кеңейту, 2 темірбетон көпірін, 2 су өткізгіш құбырын қайта жаңғырту, жарықшамдар мен аялдамалар орнатылатын болады. Сондай-ақ жүру жолағы 3,5 метр және автобус аялдамасына арналған алаң мен жол қиылысы да салынбақ.
Екі аралықтағы жолдың бойында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовке облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов карьер мәселесі туындап отырғандығын жеткізді. С.Жүсіпұлы бұл мәселені дереу шешу қажеттігін айтып, сала жауаптыларына тапсырма берді.
Одан кейін іссапар Қазалыда ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы жұмыстарын көрумен жалғасты. Мердігер мекеменің жауапты маманы Асылхан Рашевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Егер құрылыс дәл осындай қарқынмен жалғасса, жылдың аяғына дейін аяқтайтындарын жеткізді.
Бүгін аудан орталығынан орын алған 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы бітуге жақын. Қазіргі таңда ішкі жұмыстары аяқталып, көрермендер залы мен сахнаға қажетті құрал-жабдықтар жеткізілуде.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімінің орынбасары мердігер мекеменің басшысы Шынболат Ештаевқа мәдениет үйін маусым айының 6 жұлдызына дейін пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ тиісті сала басшыларына құрылыстың сапалы болуын қадағалауды жүктеді.
Артынша облыс әкімінің орынбасары аудандағы жолдардың жайымен танысты. Жоғарыда айтқандай, биыл 3 миллиард 11 миллион теңгенің 35 жобасы қолға алынса, оның 6-уы аудандық маңыздағы жолдар, 29-ы елді мекенішілік көшелер.
Айтпақшы, жуырда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентіндегі С.Мұқанов пен Әбілқайыр хан көшелерін қайта жаңғырту мен Қазалы қаласындағы көшелердің құрылысы басталды.

А.БАҚЫТҰЛЫ
15 мамыр 2021 ж. 648 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930