Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиянақтылық тапсырылды

Тиянақтылық тапсырылды

Бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келіп, құрылыс жұмыстарымен ­танысты.
Облыс әкімінің орынбасары алдымен «Қазалы теміржол жылу» мекемесіне ат басын бұрып, ондағы қызу тірлікке қанық болды.
Әйтеке би кентінде орналасқан «Қазалы теміржол жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қазандығы осыдан 3 жыл бұрын көгілдір отынға ауыстырылған. Мекеме арқылы аудан орталығындағы 70 көпқабатты, 194 жеке тұрғын үй және 100 мекеме орталықтандырылған жылумен қамтылған.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов 5 кварталдағы 10 кредиттік тұрғын үйдің құрылысын көрді. Қазіргі таңда мұнда қарқынды жұмыс жүріп жатыр.
Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер қаралған. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі 2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауызсумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу және ыстық сумен біріктіріліп, газ отынды қазандықпен жабдықталады. Жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады. Құрылыстың ұзақтығы – 8 ай. Алайда мердігер мекеме тұрғын үйде жылдың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов «Қазалы Жолшы» ЖШС-ның алдына жиналған арнайы техниканың дайындығын пысықтады.
Қазіргі таңда ауданда 11 дана жол-құрылыс техникалары мен автокөлік құралдары дайындыққа келтірілген. Олардың қатарында 1 автогрейдер, 2 трактор (К-700, МТЗ), 2 погрузчик, 6 жүк автокөліктері бар. Одан бөлек, тайғаққа қарсы себілетін 1010 тонна инертті материалдар мен техникаларға қажетті жанар-жағармай көлемі дайындалған. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 76 дана «Тайғақ жол» және «Жылдамдықты шектеу» уақытша ескерту белгісін қою жоспарланған.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы 4 жолақты жол және аудан орталығындағы 600 орындық Мәдениет үйінің құрылысымен танысты.
Серік Жүсіпұлының Қазалы ауданындағы жұмыс сапары аудан әкімдігінде салалық басқарма басшыларының қатысуымен өткен мәжіліспен қорытындыланды.
Басқосуда ауданындағы жолдардың жай-күйі туралы Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов, ауызсу, газдандыру, электр энергиясы және жылу беру мәселелері жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағамбетов жан-жақты айтып берді. Облыс әкімінің орынбасары мәжілісте қаралған мәселелерге байланысты салалық басқарма басшыларына тапсырма берді.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
21 қараша 2020 ж. 514 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930