Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда алғашқы дән себілді

Қазалыда алғашқы дән себілді

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Жалаңтөс батыр ауылында ұйымдастырылған «Дала күні» шарасына қатысты. Онда аудан басшысы алқапқа алғашқы дән сеуіп, жаппай күріш егу науқанын бастады.
– «Көктемнің әр күні жылға азық» дегендей, қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Күн жылынып, жер арқасы жібіген шақ шаруа адамының да білек сыбана қарбалас тірлікке кірісетін кезі. Сәл кешіксе болғаны, еңбегі еш кететінін қаперге ұстайтын шаруалар тамшылата тер төгіп, егіс алқаптарында таң сәреден, кеш батқанша еңбек етуде. «Не ексең, соны орарсың» деп тегін айтылмаған, көктемгі тынымсыз еңбектің өтемін күзде, жиын-терім кезінде көретініміз анық, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлқожаұлы.
«Дала күнін» өткізген диқандарға «Ақмаржан Қазалы» ЖШС директоры Төремұрат Тәжімұратов бата беріп, егіннің бітік шығып, күзде қырманның астыққа толуын тіледі.
Алғашқы дән себу рәсімінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай аудандағы егіс көлемі және дайындық барысы туралы қысқаша айтып берді.
Бөлім басшысының айтуынша биыл ауданда 17 685 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 6637 гектар. Одан бөлек, 125 гектар майлы дақылдар, 2250 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары да егіледі.
Көктемгі дала жұмыстарының уақытылы басталып, сапалы жүргізілуі үшін қажетті шаралар қабылданған. Аудан дикандары минералды тыңайтқыш және тұқыммен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі таңда 462 тонна арзандатылған дизель отыны жеткізілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

29 сәуір 2021 ж. 737 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 66

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 68

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930