Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дән себілді далаға

Дән себілді далаға

Былтырғы су ресурстарына байланысты мәселе дала еңбеккерлерін біраз әбігерге салғанын жоққа шығаруға болмайды. Жауаптылар басқа да тіршілік көзін таптық дегенмен түйіткіл түбегейлі шешілгеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Содан келіп күріш алқабын қысқартып, суды аз қажет ететін дақылдарға көптеп көңіл бөлу туралы ұсыныс пайда болды. Бұл әзірге қиындықты жеңілдететін жалғыз амал болып отыр. Осыны ескерген аудан диқандары егістік алқапқа күріш егуді бастап кетті. Бүрсігүні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Жалаңтөс батыр ауылында өткен «Дала күні» шарасына қатысып, жерге алғаш дән себу рәсіміне қатысты.
– «Көктемнің әр күні жылға азық» дегендей, қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Күн жылынып, жер арқасы жібіген кез шаруа адамының да білек сыбана қарбалас тірлікке кірісетін уақыт. Сәл кешіксе болғаны, еңбегі еш кететінін қаперге ұстайтын диқандар тамшылата тер төгіп, егіс алқаптарында таң сәреден, кеш батқанша дейін аянбай еңбек етуде. «Не ексең, соны орарсың» дегендей, көктемгі тынымсыз еңбектің өтемін күзде, жиын-терім кезінде көретініміз анық, – деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.
«Дала күнін» өткізген диқандарға «Ақмаржан Қазалы» ЖШС директоры Төремұрат Тәжімұратов бата беріп, егіннің бітік шығып, күзде қырманның астыққа толуын тіледі. Ал шаруашылық төрағасы Мұхтар Тәжімұратов егістік жұмысының аяқалысы жайында ­баяндап берді.
– Қазір шын диқанның еңбегі көрінетін кез. Неге десең дала жұмысы үлкен ыждақаттылықты, сабырлылықты, сонымен қатар жылдамдықты талап етеді. Өткен жылы 400 гектарға күріш ексек, шаруашылық биыл да сол межеден түсірмеуге шешім қабылдады. Алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Күн-райы қарасып, Алла сәтін салса күзде еңбегімізге сай өнім алатынымыздан үміттіміз. Барша дала еңбеккерлеріне күш-қуат, мол өнім тілеймін, – деді ол.
Алғашқы дән себу рәсімінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай аудандағы егіс көлемі және дайындық барысы туралы қысқаша айтып берді.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
01 мамыр 2021 ж. 1 229 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930