Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала төсіндегі дүбір

Дала төсіндегі дүбір

Қазалылықтар егін және мал шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі – «РЗА-Агро» серіктестігінің Ү.Түктібаев ауылындағы егін алқабында күрішке алғашқы орақ салу рәсімін өткізді. Биыл аудан бойынша барлығы 17 675 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның 7616 гектары дәнді, 7662 гектары мал азықтық, 108 гектары майлы және 2250 гектары картоп, көкөніс, бақша дақылдары. Негізгі дақыл – күріш 6496 гектарға егілді.
Дала еңбеккерлерінің дүбірлі мерекесінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, қоғам қайраткері, ауданның Құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, еңбек ардагерлері және салалық мекемелер мен шаруашылық басшылары диқан қауымның қуанышын бөлісті.Жиналғандар алдымен Ү.Түктібаев ауылы еңбеккерлері өндірген ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесімен танысып, өнім түрлерінен дәм татты. Егістік басында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай мен «РЗА-Агро» серіктестігінің бас агрономы Нұрлан Наурызбаев арнайы дайындалған стенд арқылы егіншілік саласы бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталып, егін орағына дайындық барысы және жүргізіліп жатқан жұмыстармен ­таныстырды.
Биыл 17675 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасса оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 6496 гектар. Күріш орағына қатысатын барлық техникалар толықтай жөндеуден өткізіліп, бүгінгі күні егіс алқаптарында жұмыс атқаруда. Күзгі егін жинау жұмыстарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада 1093 тонна дизель отыны бөлініп, шаруашылықтарға әр литрі 165 теңгеден жеткізіліп берілуде. Күріш жинау жұмыстарын 10 қазанда толық аяқтап шығу межеленуде.
«Тоғызарқан» учаскесінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, қоғам қайраткері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Айтбай Көшербаев, еңбек ардагері, Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Бағзалбай Қалышев диқандарға сәттілік тілеп, егінге орақ салу рәсімінің лентасын қиды.
Сонымен бірге егін басына жиналған қауым 2020 жылғы алғашқы күріш бункері астығының қабылдану сәтіндегі диқандар қуанышына куә болды.
– «РЗА-Агро» серіктестігі егіншілік саласы бойынша озық үлгідегі техникаларды пайдаланып, жер баптау және мелиоративтік жұмыстарға ерекше мән беріп, жоғары өнімділікке қол жеткізіп келеді. Серіктестіктің жүргізіп жатқан осындай игі істерінің бірі – итальяндық «Мара» лазерлік жер тегістегіш агрегатының жұмысына жиналғандар куә болды. Бүгінгі күні шаруашылықта он дана агрегат тынымсыз жұмыс жасап, жылына 500-700 гектар егістік жерді тегістейді.
Жалпы аудан бойынша күріш орағына қатысатын 42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі және 59 трактор тіркемесі толықтай жөндеуден өткізіліп, егіс алқаптарында жұмыс атқаруда, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Аманбай.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

14 қыркүйек 2020 ж. 1 100 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930