Тойханалар қызметін өзге салаға бағыттау жалғасуда
Елде болған пандемияға байланысты аймақта бірқатар кәсіпкерлер жұмысы тұралап қалған кәсіптерін өзге салаға бағыттауы жалғасуда.
Айтар болсақ, Қазалы ауданындағы "Рау Илья" тойханасы "Мүслім" қоғамдық тамақтану орнына бет бұрған. Бұл қоғамдық тамақтану орнының бір ерекшелігі ұлттық нақышта жабдықталған. Жүз адамдық тамақтану орнында кәсіпкер 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сондай-ақ, "Алатау" мейрамханасы да осы жылдың наурыз айынан бастап супер маркетке бағытталып, жұмысын жалғастыруда.
Аудандағы "Орда" тойханасы да қазіргі таңда көпшілікке қоғамдық тамақтану орны боп жұмысын жүргізуде. Кәсібін өз қаражаты арқылы ашқан кәсіпкер бұл жерде 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлер басқа салаға бет бұрса да қазіргі кезде бизнестерінің жұмыстары біршама оңалып, тұрақты жүріп тұрғандарын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат