Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер 7 тәулікке қамалды

Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер 7 тәулікке қамалды

Қазалыда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің тапсырмасымен мобильдік топ құрылып, 18 наурыздан бастап күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары қамтылуда.
Мобильдік топ мүшелері рейд кезінде төтенше жағдай режимін бұзған 2 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Кеше Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді байланыс жүйесін қолдану арқылы аталған азаматтарға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабымен қозғалған әкімшілік істер қаралды.
Сот қаулысымен азамат М.-ға 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу, ал азаматша А.-ның тәрбиесінде 14 жасқа толмаған, яғни кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты 26 510 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

25 наурыз 2020 ж. 1 281 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 128

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 115

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30