Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы кәмпитінің қазаншысы

Қазалы кәмпитінің қазаншысы

«Қазалы кірпіш зауытының ащы кәмпиті» деп аталған өнімді сірә, білмейтіндер жоқ шығар. Өткен ғасырдың екінші жартысында Қазалы ауданындағы кірпіш зауыты жанынан өндіріліп, бүкіл Қазақстанға тараған тәттіні жұртшылық осы күнге дейін ұмытпай айта жүреді.

Бүгінде кәмпит жасаудың қыр-сырын меңгерген қазалылықтар арнайы цехта туған өлкенің бренді болған «Қазалы» кәмпитін қарқынды шығаруда. Бұл күні дәмі тіл үйіретін өнімге сұраныс та жоғары. Ыңғайлы әрі шағын қораптарға салынған тәттілер Сыр өңірі мен көршілес облыстарға да жөнелтіледі.
Мұнда 10 адам 2 ауысыммен жұмыс істейді. Әрқайсысы өз ісінің мамандары. Өздеріне белгіленген істі көз ілеспес шапшаңдықпен уақытылы тез орындайды. Олардың арасында еңбекқорлығымен көзге түскен Рита Алдоңғарқызы да бар. Ол ең алғаш жұмысқа 12 жыл бұрын сатушы болып орналасқан. Тиянақтылығының арқасында жаңадан ашылған наубайханаға ауыстырылып, онда торт, рулет пен түрлі нан өнімдерін пісіріп дайындауды үйренеді. Осылайша тынбай еткен еңбегі еленіп, оны “Қазалы кәмпит” цехына ораушы ретінде ауыстырады. Бұл жерде де кішіпейілділігі және шынайылығымен ерекшеленіп, негізгі жұмыс қазаншылықты қолға алады.
Қазір Рита 2 ауысым бойынша 6 сағаттан бөлініп жұмыс істейді. Бір ­ауысымда 2 адам қызмет етеді. Оның айтуынша, цехта ащы, барбарис, соломка, рокс, апельсин, лимон, дюшес және шие дәміндегі түрлері шығарылады.
– Қандай кәсіп болмасын шын ықыласпен атқарсаң маңдайтермен тапқан наның тәтті де, берекелі болады. Оған осында өткен жылдар ішінде көзім әбден жетті. Фатима апамыз қаншама тапсырма берсе де, оны кідіртпей орындауға тырысатынмын. Соның арқасында маған жауапты орынды ұсынды. Мұндай орайлы ұсыныстан бас тартпадым. Қай жұмысты да үйреніп алуға болады. Қасымда көмекші бар. Ол қазанды қайнататын аппаратқа жауапты. Мен қазанға қажетті шекерді салып, қайнатамын да, оны үзіліссіз былғап тұрамын. Жарты сағат кейде 25 минутта дайын болған сұйықтық арнайы тасқа құйылып, заманауи жабдықта айналдырылып қатырылады, – дейді Рита Орынбасарова.
Сүйікті ісін мақтан тұтатын Рита бүгінде 4 баланы тәрбиелеп отырған ана.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


02 наурыз 2021 ж. 4 424 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930