Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кандидаттар Қазалы брендін өндірушілермен кездесті

Кандидаттар Қазалы брендін өндірушілермен кездесті

"Nur Otan" партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы мен Еңсепов Кәдірхан Төлемісұлы Қазалы қаласындағы Жеке кәсіпкер Н.Қазбергеновтің «Қазалы» кәмпиті өнімдерін шығаратын цех ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында үміткерлер өнім өндірушілерді партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Цехта өткен кездесуде кандидат Бақытжан Дүзелбайұлы «Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. «Nur Otan» партиясы бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 300-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 15 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грантқа қол жеткізуіне ықпал етеді."-деді.
Сондай-ақ кандидаттар 17 адам жұмыс жасап жатырған цех ұжымын алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
Қазіргі таңда цехта күніне конфеттің 8 түрінен 500 келі өнім шығады. "Соломка", "Барбарис", "Маусым", "Қазалы" кәмпитіне бүгінде сұраныс жоғары. Дайын өнімдер Қызылорда мен Ақтөбе, Орал, Ақтау, Атырау облыстарының тұрғындарына сатылуда.

23 желтоқсан 2020 ж. 2 590 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930