Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға танылған “Қазалы кәмпиті”

Қазақстанға танылған “Қазалы кәмпиті”

Қазақстанның өзге қалаларында жүріп, өзіңнің қазалылық екеніңді айтсаң, сұрақ қоюшы дереу «Қазалы кәмпиті» әңгіме қылатындығына етіміз үйреніп алды. Бүгінде қазақтың бай дастарқанында «Сникерс», «Боунти», «Марс» сияқты әлемдік брендтермен қатар қойылатын «ащы кәмпиті» ұнатпайтын, аңсары ауып іздемейтін қазақ некен-саяқ. Бұны еліміздің басқа қалаларында «Қазалы кәмпиті» деп іздесе, қазалылықтар «ащы кәмпит», кей әжелеріміз «мұз кәмпит» деп те атап жатады.
Осы тәтті арқылы Қазалы ауданының атын тұтас республикаға танымал еткен кәсіпкер Нұрбек Алдажарұлы бұл іспен 2012 жылдан бастап айналысып келеді. Күніне жарты тонна кәмпит дайындайтын Н.Қазбергенов еліміздің бірқатар өңірлеріне: Ақтөбе, Орал, Ақтау, Қостанай қалаларына тапсырыс бойынша уақытылы жөнелтіп отыр. Қызылорда мен оған қарасты аудандардан түсетін сұраныстардың орны бір бөлек. Жекелей бір реттік тапсырыс берушілер де бар. Аймақтағы жалғыз автоматтандырылған кәсіпорын болғандықтан мұндай ірі көлемдегі сұраныстарға кәсіпкер оңай үлгіреді. Алғашында кәмпиттің бірер түрін ғана жасап шығаратын цех бүгінде әр түрлі жеміс дәмінен 8 түрін дайындайтын дәрежеге жетті. Иісі Алашқа танымал бұл тәтті туралы тұтынушылардың пікіріне зер салайық.
Серік Абас-Шах,
журналист:
– Қонақта отырмын. Тәтті-пәттіге әуестігім болмаса да мына көрініске еріксіз назар аударуға тура келді. Дастарқанның ортасынан ойып тұрып орын алып, “екі қойыңды бес тиын” қылып шалқайып жатқан “Сникерс”, “Раxат” сияқты алпауыттар арасынан Қазалының кәмпитін көріп қалдым. Мұның “туысы” цемент немесе бетон болып шықса, таңдана қоймаспын. Себебі, сонау 80-жылдары Қазалының кірпіш зауыты өндірген кәмпиттің дәмі әлі есімде...
Асхат Раманқұлов,
мұғалім:
– Мектеп бітірген соң Ақтөбе қаласына оқуға түстім. Жоғарғы курс студенттері таныс-білістен соң «Қазалы кәмпитін» ала келдің бе деп сұрады. Өзіміз ауылда күнделікті тұтынып жүргенімізбен, мұнда қазалылық тәттінің танылмалдылыққа ие екендігін білмеген едім. Осыдан кейін демалыстарда ауылдан бәрі жақсы көретін «базарлықты» ұмытпай ала келіп, үлестіріп беруді әдетке айналдырдым.
Күлтай Оспан,
зейнеткер:
– Біздің жастық шағымыз кешегі Кеңес дәуірінде өтті ғой. Небір алмағайып замандар мен қуанышты күндерді бастан кештік. Бұл «ащы кәмпитпен» шәй ішсем сол дәуірдің естен кетпес дүниелері, тәтті естеліктері санамда сайрайды десем артық айтқандық емес. Көненің көзіндей кәмпиттің осы кезге дейін сапасын жоғалтпай келуі кәсіпкер балалардың еңбегі. Еңбектерің жемісті, ғұмырларың ұзақ болсын, айналайындар!
Балгүл Мамен,
Астана қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық
келісім КММ қызметкері:
– Жұмыс барысымен еліміздің бас қаласына келгеніме бірнеше жыл болды. Ауыл-елімді, ата-анамды сағынғанда «Қазалы кәмпитінен» дәм татып, сәл де болса мауқымды басқандай боламын. Ал қызметтестерім мен жора-жолдастарым аталған тәтті туралы сөз қозғаса, кеудемді мақтаныш кернеп, менің туған жерімнің өнімі екенін айтамын.
Алмас Бөрібай,
кәсіпкер:
– «Қазалы кәмпитін» жиі алдыратындардың бірі менмін. Қызылорда, Арал, Қазалыдағы іскер достарым жұмыс барысымен немесе қонақ болып келетіндерін айтып хабарласады. Осындай сәтті ұтымды пайдаланып мен де «Қазалы кәмпитін» жеткізуге қолқа саламын. Тамаша өнім, маған ұнайды.
P.S. Көпшіліктің айтқан пікірлерінің барлығы жергілікті өнімнің танымалдылығы мен тартымды сапасы жайында болды. Қызылорда облысына түгелдей тараған ащы кәмпит алдағы уақытта қазақстандық сауда нарығын толықтай қамтып, отандық үздік брендтердің қатарынан табыларына кәміл сенеміз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

24 шілде 2018 ж. 5 765 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930