Президент Роза Бағланова есімін жаңғыртуды тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Роза Бағланованың есімін ел есінде жаңғыртуға тапсырма берді.
– 2022 жылдың 1 қаңтарында аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Батыры, Ұлы Отан соғысы майданындағы концерттерге белсене қатысушы Р.Бағланова әлі күнге дейін біздің елде және шетелдерде шығармашылық жанкүйерлері арасында танымал. Оның есімін тарих қойнауында жаңғырту үшін шаралар қабылдауға тапсырма бердім, – деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
Роза Бағланова – кеңестік және қазақстандық опера және эстрада әншісі. Ол 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде артиллерия мен минометтер арасында батылдықпен майдандағы сарбаздар алдында өнер көрсетті. Бұл ерлігі үшін ол Батыс майданының 61-армиясының 12-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қолбасшысының наградасымен марапатталды. 1947-1949 жылдары Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, 1949-1960 жылдары Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан бастап қазақ концертінің солисі атанды. Ол 2011 жылдың 8 ақпанында дүниеден озып, Алматыдағы Кеңсай зиратында жерленген.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат