Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Боқтаса да болады

Боқтаса да болады

Танымал өнер иесі Ернар Айдар Роза Рымбаеваның өзін сынағаны туралы жеткізді.

Жас әнші Ернар Айдарды қазақ мәдениетінде елеулі орын алатын Роза Рымбаева сынның астына алып, шығармашылығын жоққа шығарған. Алайда сахнаға енді қадам басқан өнер иесі сынға сынбағанын айтып, керісінше осындай ұлы тұлғаның мені елеп, ескеріп, пікір білдіргенін мақтан тұтамын дейді.

"Роза апайымыз сынамақ түгілі мені боқтап жіберсе де болады. Ол кісі пікір айтып жатқанда, сөз қайтаратындай құқым жоқ. КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Орта Азияның примадоннасы", - дейді Ернар Айдар.

Роза Рымбаеваның сөзін құлағына құйып алып, қателіктерімен жұмыс жасауға кіріскен Ернар Айдар тағдырдың маңдайыма берген бағы шығар дейді. Өйткені Роза Рымбаева сынамаса, бұрынғы деңгейде қалып қоятын едім деп ашығын айтты.

"Мені жаман десе де, жақсы десе де, Ернар Айдар деп тілге тиек етіп жатқанының өзі жетістік. Ол кісіге алғысымды айтамын. Айтқан сынының өзі маған үлкен сабақ болды. Мәселен, "Тамаша" деген кешімде толығымен жанды дауыста ән айттым", - дейді Ернар Айдар.
20 тамыз 2019 ж. 1 101 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930