Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті қазалылықтар!Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын ерекше күн. Тәуелсіздігіміздің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолымен келеді. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салу және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елі сүйген Елбасы барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан зор құрметке ие болған кемеңгер тұлға.

Өздеріңізге мәлім, биыл ел тарихында елеулі оқиға орын алып, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз еркімен мемлекет басшысы тізгінін конституциялық жолмен Сенат төрағасына беріп, биліктің сабырлы жағдайда ауысуына жағдай жасады. Бұл – Елбасының көрегенділігінің тағы бір келісті көрінісі.
Қадірлі жерлестер!
Қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы арманын iске асырып, тәуелсiз мемлекет құрып, бүгінде бүкiл елдi бiр тудың астында бiрiктiрген Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі ел басқарудағы елеулі жетістіктері әрбір қазақстандықтың лайықты мақтанышына айналды.
Себебі өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық пен мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
Баршаңызды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат Ергешбаев
30 қараша 2019 ж. 1 297 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930