Құттықтау
Қадірлі жерлестер!Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының жарастығы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі болып табылады. Жыл сайын көктеммен бірге келетін мерейлі мереке ауданымыздағы түрлі ұлттың тілін, салт-дәстүрін және мәдениетін асқақтатып, жүрегімізге жыр, жанарымызға нұр сыйлайды. Бірлік пен тірлік ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол. Атап айтқанда, біздің елімізде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміздің болашағы жарқын, мәртебесі жоғары.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Дана жұртымыз мұны тегіннен-тегін айтпаса керек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ырысты ынтымақ құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы десек, артық айтқандық емес.
Бірлік, достық, татулық, ынтымақ – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі. Бағындырған белестеріміз бен жеткен жетістіктеріміз ұлтаралық татулық пен шынайы түсіністіктің айқын айғағы. Мұның бәрі халқымыздың берік достығы мен тағылымды татулығының, абыройлы ауызбірлігінің нақты нәтижесі.
Ардақты ағайын!
Әрбір шаңыраққа шаттық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақ-береке тілеймін!
«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді» деп дана халқымыз айтқандай, Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Тыныштық пен бейбітшіліктің талбесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ