Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Көгілдір отын” көңілді мұздатып тұр

“Көгілдір отын” көңілді мұздатып тұр

Бозаңқырға қырау қатып, қыс түскелі Қазалыда жылу жайы күрделі мәселеге айналды. Яғни үйдегі жылу мардымсыз. Газ тетігін қанша көтергеніңмен бойың жылып, жаның жай таппайды. Таңға таман көпшілігіміздің әлгі “Олененок Рудольф” мультфильміндегідей мұрнымыз қызарып шығатыны рас. Бұл жалғыз менің сөзім емес, көпшіліктің де пікірі осыған саяды.
Бұл жайында Әйтеке би кентіндегі бірқатар тұрғын «Тек біздің үй салқын ба деп жүрсем, бәрінде де солай ма? Былтырғыдай жылу жоқ» десе, кейбірі «Лапылдап жанып тұрғанымен жылуы жоқ, есесіне счетшигіміз шыр айналып тұр» деген қынжылысын білдіруде.
Осынау мезгіл мәселесіне байланысты жуырда “КазТрансГаздың” аудандық филиалының басшысы Нұрлан Бозғұлов Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында мәлімдеме жасады.
Редакция атынан біз де қатыстық.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, мәселе былай екен.
Филиал басшысы:
– Тұтынушылардың талабына сәйкес газ толығымен жеткізіліп тұр. Жұрт айтып жүргендей газ құрамына ауа араласатын болса, ол өте қауіпті жарылғыш затқа айналады. Сол себепті “газдың құрамына ауа қосып жатыр” деген қауесет мүлде мүмкін емес нәрсе. Газ мөлшері төмен деген үйлерге барып, қуатын өлшедік. Қалыпты. Көбісі есік-терезені дұрыс қымтамағаннан, пластик терезелердің дәл орналаспай қалуы мен оның айналасындағы көбіктің (пенаның) жөнді құйылмауынан болып жатады. Әрі газ құралдарының қалыпты жұмыс істемегендігінен.
Сондай-ақ ауа райына да байланысты болып тұр. Өздеріңізге белгілі, 2 жылға жуық желтоқсан айында күн жылы болды, – деген пікірін білдірді.
Осы ретте біздің тараптан “Сонда желтоқсан айындағы 15-20 градус салқында мынандай күйдеміз. Қыс кәріне мінетін қаңтар-ақпан айларында циклон болып, температура 40 градусқа жеткенде жағдайымыз қалай болады?” деген сарындағы сауал қойылды.
Оған мәлімдеме жасаушы:
– Иә, әрине, жалғыз пластик терезені кінәлаудан аулақпын. Сонымен қатар бөлменің көлеміне байланысты үйдегі батареялардың ішінде қоқым тұрып қалады. Газ жылуы «дұрыс емес» деген тұрғындардың барлығына бардық. Ерімбетов №38, Бекарыстан би №1, Жанәділов №7, т.б. үйлер бар.
Мысалы, Жанәділов жетінші үйдің газ есептеушісінде қоқым толып, газ жүрмей қалған. Оны тазалап едік, бәрі дұрысталды. Одан басқа Қорқыт ата қиылысы 22-де тұратын тұрғынға барғанымызда газды көшенің басынан белгісіз біреу жауып кетіпті. Содан газдың қысымы азайып қалған. Кейбір газ дүңгіршектеріне көлік соғып жатады. Осындай жағдайлардың орын алуынан жылу мәселесіне қиындықтар туғызып отыр. Кез келген уақытта тұрғындар тарапынан хабар түссе, оған барып, нендей жағдай болғанын зерттеп бере аламыз, – дейді.
Брифингте апаттық жағдайда шұғыл көмек көрсететін топтың жоқ екендігі, “Қазалы қаласы мен Мұратбаев ауылына газ барғанда Әйтеке би кентінің газ қысымы төмендеп кетпей ме?” деген сұрақ та айтылды.
Атап өтерлігі, аудан жұртшылығы табиғи газды тұтына бастағанына бес жылға жуықтаған. Осы уақыт ішінде 24 өндірістік мекеме, 186 коммерциялық нысан және 7149 тұрғын үй табиғи газды тұрмыста пайдалануда. Биылғы жылдың өзінде кентте 655 тұрғын газ желісіне қосылған.
– Бүгінде аудан бойынша АГРС (автоматтандырылған газ таратушы станция), 3 ГРП (газ реттеуші пункт) және 46 ШРП (шкафтық газ реттеуші пункт) жұмыс жасауда. АГРС қуаттылығы сағатына 40 000 м3 газ шығаруға есептелінген, қазіргі таңда 10 360 м3 газ шығарылып, пайдаланылуда.
Қысқы маусымға ГРП, ШРП-лар толық техникалық бақылаудан өткізіліп, дайындалған. Газ өнімі тұтынушыларға ГОСТ-қа сәйкес нормада жеткізілуде. Газ өнімінің сапасы жоғары.
Газдың төмен қысымына байланысты тұтынушылар тарапынан түскен өтінішпен мекеме мамандары үздіксіз жұмыс жасауда.
Халыққа қызмет көрсету, жұртшылықты газбен қамтамасыз ету – жауапты мекеменің міндеті. Табиғи газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтап, газ жабдығына уақытылы жөндеуді қамтамасыз ету маңызды, – дейді жауапты мекеме басшысы.

Е. ТАБЫНБАЕВ

12 желтоқсан 2020 ж. 1 507 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031