Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Бозжырада қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды

Тоқаев Бозжырада қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Президені Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді», -  деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Айта кетсек, жуырда әлеуметтік желі беттерінде Маңғыстау жеріндегі Бозжыра табиғи ескерткішінің аумағынан қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тараған болатын.
Осы жағдайға байналысты бір топ маңғыстаулық белсенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовқа ашық хат жолдап, нақты талап қойған еді.
Кейін Бозжырада қонақүй салу жобасына байланысты Экология министрлігі мен Мәдениет вице-министрі пікір білдірген болатын.
18 қараша 2020 ж. 737 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 64

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031