Қасым-Жомарт Тоқаев демалысқа шықты
Мемлекет басшысы демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қысқамерзімді демалысқа шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Сондай-ақ, Президент демалысын Қазақстанда өткізеді екен. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күнге демалысқа шықты. Мемлекет басшысы демалыс күндерін Қазақстан аумағында өткізеді», - деді Президенттің баспасөз хатшысы.