Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев "Қалаулым" бағдарламасына қатысты тапсырма берді

Тоқаев "Қалаулым" бағдарламасына қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қатысты тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан "Қалаулым", "Қалауым сен" бағдарламаларына қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін атап өтті. Оның пікірінше, оған бұл бағдарламалардың халқымыздың менталитетіне, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына қайшы келуі себеп болып отыр.
"Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр", - дейді ол.
Берік Уәли мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын білетінін айтты. Соған сәйкес тапсырма берілген.
Бекжан Тұрыс "Қалаулым" жайлы: Ешкімнің күші жетпейтін не қылған құдірет?
"Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешім шығарылады", - деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.

29 наурыз 2020 ж. 1 164 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 33

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930