Көп көңілін көншіткен

Аудан бойынша жылына 6,5-7,0 мың ет және 18 мың тонна сүт өндіріліп, орта есеппен 4-5 мың тонна шамасында балық ауланып жүр. Жыл сайын соның 5,5 мың сүт, 1 мың ет және 1,5 мың тонна балықты өңдеп, облыс, республика көлемінде өткізіп, тіпті кей өнім түрлері шетелге экспорттап отырған бірден-бір аудан екенін мақтанышпен айта аламыз.
Өткізілген жәрмеңкеге Ақжона ауылдық округі белсене атсалысып, қала тұрғындарына азық-түлік ұсынса, Бекарыстан би ауылынан жеткізілген балық өнімдері сатылды.
Негізі биылғы жылдың 9 айында 1940 тонна ақ күріш пен күріш жармасы және 983,6 тонна балық өнімі экспортталды.
«Алтын дән – 2020» шарасы аясында Қазалы ауданы ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуде жоғарғы жетістіктерге жеткені үшін «Озат аудан» номинациясын иеленген болатын.
Айта кетейік, өнімдер нарықтан 10-15 проценттік төмен бағада сатылды. Аталған жәрмеңкеге келушілер қарасы қалың болып, Қызылорда тұрғындары аудан халқына ризашылық білдіріп, алғыстарын айтты.
А. БАҚЫТҰЛЫ