Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұртшылықты қуантқан жәрмеңке

Жұртшылықты қуантқан жәрмеңке

Өткен сенбіде облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Өзге аудан еңбеккерлері секілді қазалылықтар да Қызылорда қаласы күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін тарту етті.
Қазалылықтар жәрмеңкеге жалпы құны 35 миллион теңгені құрайтын 200 тоннаға жуық өнім алып барды. Жәрмеңкеде 15 тн күріш, 35 тонна бақша дақылы, 50 тн көкөніс, 80 тн картоп, 2 тн ет, 1,5 тн сүтөнімдері, 8 тоннадан астам балық пен оның өнімдері және 1 тн Қазалы конфеті саудаланды. Арзан бағада ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерін алушылар қатары қалың болды. Қыстың қамын ойлаған қала халқы көкөністерді қаптап алып қалуға тырысып жатты. Солардың бірі – қызылордалық Мирас Жұбатқанов.
– Қазалыда нағашы туыстарымыз тұрады. Қонаққа келген сайын «Қазалы» кәмпитін әкеліп қуантатын. Дәмі тіл үйреді, шай ішкенде таптырмас тәтті. Шынымды айтсам жәрмеңкеге сол үшін келгенмін. Алайда қауын-қарбыз, балықты көргенде саудаласпай кете алмадым, – дейді ол.
Дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қазалылықтар орналасқан орынға арнайы келіп, аудан шаруаларының ұсынған өнімдерімен танысты. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мұндағы барлық өнімнің нарықтағы бағадан төмен босатылып жатқанын айтты.
Жалпы биылғы жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен аудандардың кәсіпкерлері 414 көлікпен 265,6 миллион теңге болатын 1 555 тонна өнімдерін ұсынды. Ауылшаруашылығы өнімдері қала әкімдігінің белгілеген орындарында сатылды. Облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын негізсіз көтеру жағдайларын бақылауға алуды және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалауды тапсырды. Айта кетер жайт облыс орталығында жәрмеңке 1 желтоқсанға дейін ұйымдастырылатын болады. Әр сенбі күні екі аудан өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынады деп жоспарлануда.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы Облыстың аграрлық саласы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері қазіргі таңда әлемнің 17 мемлекетіне экспортталуда.
Жұртшылықты қуантқан жәрмеңке Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев пен Қ.Яссауи көшелерінің қиылысында өтті. Қаланың әр түкпірінен келгендер барлығының бағасы облыс орталығындағы нарықтан 10-15 процентке төмен сатылғанына риза кейіпте мол өніммен тарқасты.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

29 қыркүйек 2020 ж. 719 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930