Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәтін жазғанда қажет болатын 7 батырма комбинациясы

Мәтін жазғанда қажет болатын 7 батырма комбинациясы

Ctrl+C мен Сtrl+V – мәтінмен жұмыс істегенде жиі қолданылатын комбинациялар. Бірақ бұдан басқа да керім комбинациялар баршылық.

***

кЕЙДЕ CAPS LOCK ҚОСЫЛЫП ҚАЛҒАНДА, СӨЗДЕР ОСЫЛАЙ БАДЫРАЙЫП КЕТЕДІ. Енді мұның бәрін өшіріп, қайта жазудың орнына сөздерді белгілеп, Shift+F3 комбинациясын жасасаңыз болғаны.

***

Ctrl+Backspace комбинациясы меңзердің алдындағы сөзді тұтас өшіріп тастайды.

***

Ал Ctrl+Delete меңзерден кейінгі сөзді өшіреді.

***

Веб-сайттардан мәтін (цитата, дереккөз) көшіргенде оның форматы сол күйінде сақталып қалуы мүмкін. Мұндайда Ctrl+Shift+V комбинациясы көмектеседі.

***

Ctrl+Shift+↑ комбинациясын жасаса, меңзердің алдындағы абзац тұтас белгіленеді. Сөйтіп оны тышқан қолданбай-ақ белгілеп, өшіріп тастауға болады. Ал Ctrl+Shift+↓ меңзерден кейінгі абзацты белгілейді. Осы тәсілді тышқанмен де тез істеуге болады. Ол үшін сол жақ батырманы үш рет басу керек. Ал меңзерден ілгері не кейін тұрған бірнеше сөзді белгілеу үшін  Ctrl+Shift+← немесе Ctrl+Shift+→ комбинацияларын жасау қажет.

***

Егер тышқан қолданбай-ақ меңзерді сөзден сөзге, абзацтан абзацқа апарғыңыз келсе, Ctrl+↑, Ctrl+↓, Ctrl+←, Ctrl+→ деген комбинацлар көмектеседі.

***

Сөздерді жуан, курсив, асты сызылған қылып қою үшін Ctrl+B, Ctrl+I, Ctrl+U комбинацияларын қолдану қажет.

01 қараша 2020 ж. 416 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 149

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031