Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешқашан айтуға болмайтын 10 сөз!

Ешқашан айтуға болмайтын 10 сөз!

Кейбір кездері ойламаған жерден ұрыс шығаратын сөздерді айтып қаламыз, ғалымдар мұны конфликтоген деп атайды екен. Отбасында және жұмыста бейбітшілік орнатып, тыныш өмір сүру үшін мына сөздерді айтудан аулақ болған жөн екен.

1. «Бұл менің міндетіме кірмейді», «Маған бұл үшін ақша төлемейді». Жұмыс істемеудің ең танымал сылтауы. 99%-да бұл бастығыңыздың жынына тиіп, сіздің жұмысқа деген енжарлығыңызды білдіреді. Сондықтан оның орнына былай жауап беріңіз: «Бүгіндікке жұмыстарым көп. Қайсысын бірінші жасайын?».

2. «Сізбен сөйлесетін уақытым жоқ», «Бос емеспін». Мұндай жауап – тәрбиесіздіктің белгісі. Оның орнына «Кешіріңіз, қазір шұғыл жиналыс болайын деп жатыр, сондықтан асығыс болып тұрмын. Сіздің мәселеңізді кейінірек талқыласақ жөн болар еді» немесе «Бір сағаттан кейін хабарласайықшы: сол уақытта жұмыстарым да бітіп қалар» деп жауап берсеңіз, әдепті болар.

3. «Бәлкім, айтарым орынсыз шығар, бірақ…» Сөзді осылай бастасаңыз, айтылатын сөзіңізге деген сенімділікті күрт төмендетеді. Бұлай сөзді ешқашан бастамаңыз.

4. «Ренжімеңіз, бірақ…» Бұл бір жайсыз хабар алдындағы ескерту сияқты естіледі. Осындай сөзден соң, әңгімелесуші адам алдын ала ренжітетін сөз естимін деп қабылдайды. Сондықтан, осылай айтпастан бұрын, тақырыпты басқа жаққа ауыстырып жіберген жөн.

5. «Толып кетіпсің!» немесе «Арып кетіпсің!» деген фразалар. Көп адамдар үшін салмақ тақырыбы өте шаншу тақырыптардың бірі. Адамдар денелерінде болып жатқан өзгерістерді оңай қабылдамайды, сондықтан сіздің бұл сөздеріңіз оның көңіл-күйін түсіруі мүмкін. Оның орнына «Құлпырып кетіпсің!» десеңіз, қатып кетеді.

6. «Өз жасыңызға өте жақсы көрінесіз». Бұл фраза адамның жасын есіне түсіріп, «Өз жасыңыздағы қарттардың жанында жақсырақ көрінесіз» деп түсінуге итермелейді. Жай ғана: «Өте жақсы көрінесіз» деңіз.

7. «Осы сен-ақ бәрін құртасың да жүресің». Мұндай айыптаулардан аулақ болыңыз. Ұрыс шығаратын бұл сөздердің орнына: «Мен сенің бұл әрекетіңе ренжулімін. Ендігәрі қайталанбас үшін не істеуге болады?» деңіз. «Мен» есімдігінің арқасында серігіңіздің әлсіздігін емес, өзіңіздің ренішіңізді білдіресіз. Бұл оның екінші рет мұндай қателік жасамауына ынталандырады.

8. «Егер шынымен мені жақсы көрсең, олай істемес едің.. айтпас едің…». Бұл сөздерді айта отырып, серігіңізді басқарып қана қоймай, оның сізге деген қарым-қатынасына наразылығыңызды білдіресіз. Мұндай айыптаулармен мықты қарым-қатынас орнары екіталай. Одан да: «Егер біз былай жасасақ… көңілім жай табар еді» деген сөздерді айтыңыз. Жақсы қарым-қатынас құрудың үздік үлгісі – неге ашуланғаныңызды түсіндіріп, оны шешудің амалын бірге қарастыру.

9. «Ол сенің тырнағыңа да татымайды», «Одан айрылғаның жақсы болды». Біреудің ажырасқанына басу айтамын деп, мұндай сөздерді айта көрмеңіз. Бұл ол адамның талғамсыздығын және адамдарды ажырата алмайтындығын білдіріп, одан сайын жүрегін жаралай түспек. Оның орнына: «Ол қандай адамнан құр қалғанын түсінбейді» деген сөздеріңіз адамды бір серпілтіп тастайды.

10. «Бұл сенің қолыңнан келмейді». Арман-мақсатыңа жету жөнінде адамға жігерлендіретін көздер ғана айту керек.
03 сәуір 2018 ж. 2 983 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930