Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 қарашада жаңа қаулы күшіне енеді

Қызылордада 2 қарашада жаңа қаулы күшіне енеді

Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жаңа қаулы күшіне енетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлім етті. Айта кетейік, оның №25 қаулысы 2 қарашадан бастап күшіне енеді.
Қаулыда көрсетілгеніндей, облыс аумағында кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиынына рұқсат берілген. Сауда, ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсете алады. Тек жексенбі мен мереке күндерінде олардың жұмысына шектеу қойылды.
«Дүйсенбіден бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастауға шешім қабылданды. Бұл орындар санитарлық талапты қатаң сақтау арқылы 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмысын жүргізеді. Кинотеатрлардың толтырылуы 30 %-дан аспауы тиіс. Айта кетерлігі, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әрбір кино көрсетілер алдында дезинфекция жүргізілуі қажет», - деді Ә. Әбдіқайымова.
Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа қысқартылып, олар қызметін 22:00-ге дейін жүргізетін болды.
«Ал ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға болмайды. Оған қоса спортшылардың елімізден тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салу жалғасады», - деді Ә. Әбдіқайымова.
01 қараша 2020 ж. 556 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930