Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 2 апталық карантинге байланысты жаңа шектеу күшіне енді

Қызылорда облысында 2 апталық карантинге байланысты жаңа шектеу күшіне енді

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы дертінің алдын алу мақсатында 5 шілдеден бастап жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара облыста індеттің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Осы мақсатта Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы жарық көрді. «Бүгінде облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1379 адамға жетті. Сондықтан індеттің одан әрі тарауын шектеу үшін санитарлық-эпидемологиялық шаралар күшейтілді. Шектеуге түсіністікпен қарауды, оны қатаң сақтап, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданғанын түсінулеріңізді сұраймын. Бұл шаралардың тиімділігі әрқайсымыздың іс-әрекетімізге байланысты болады. Ең алдымен өз денсаулығыңызға және айналаңыздағы адамдардың халіне жауапкершілікпен қарау керек», - дейді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары - облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова қаулы бүгін сағат 00:00-ден бастап күшіне енгенін айтып өтті. Оның қатарында бірнеше шектеу және карантиндік шараларға өзгеріс енгізді. «Атап айтқанда, отбасылық іс-шараларды өткізуге, спа-салондардың, сұлулық салондарының, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және өзге де мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ, меншік нысанына қарамастан білім және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (балабақшалар, жазғы тынуғу лагерьлері, коррекция және білім беру орталықтары, үйрмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетиторлық, тілдік) қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметі тоқтатылды. Оған қоса діни объектілердің, түнгі, компьютерлік, интернет және бильярд клубтарының, букмекерлік және лото-мотоконторлардың, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), спорттық комплекстер (үйірмелер, секциялар т.б.), қоғамдық монша, сауна, аквапарктертер, бассейндер, жағажайлардың, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы балалардың ойын алаңдарын, футкордтар, кинотеатрлар, жәрмеңкелердің, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларының, автомобиль, құрылыс, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысы тоқтатылаы. Ал республиканың өңірлері мен қала/аудандар арасындағы жолаушылар автобус қатынасы уақытша тоқтап, қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндері тоқтатылды», - деді Әлия Әбдіқайымова.


05 шілде 2020 ж. 886 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031