Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар «Халық алғысына» ие болды

Қазалылықтар «Халық алғысына» ие болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде індеттің алдын алу жолында аянбай еңбек еткен бірқатар қазақстандықтар «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталуда. Олардың қатарында қазалылықтар да бар.
Бүгін аудан басшысы М.Ергешбаевтың төрағалығымен өткен короновирус індетінің алдын алу жөніндегі штаб отырысында Қазалы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Мадрейм Елдесбай Жеткербайұлына, Қазалы теміржол ауруханасының бас терапевт дәрігері Рзалиева Перизат Үсенқызына «Халық алғысы» мерекелік медалі табысталды.
Сондай-ақ, Қазалы аудандық полиция бөлімінің кинология қызмет тобының кіші инспектор кинологі, полиция сержанты Айымқұл Ақжол Мақсұтжанұлы, Қазалы аудандық полиция бөлімінің тылмен қамтамасыз ету тобының старшинасы Алдашов Нұршат Алдашұлы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сонымен қатар, штаб отырысында короновирус індетінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қазіргі таңдағы ахуал талқыланды, проблемалық мәселелердің шешілу жолдары қарастырылды. Отырыс соңында аудан әкімі М.Ергешбаев жұмысшы топ мүшелеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қазан 2020 ж. 720 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 85

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 81

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 80

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 75

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930