Еңбегімен еленгендер марапатталды
Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген салтанатты мерекеде аудан әкімі М.Ергешбаев еңбегімен еленген қызметкерлерге мерекелік медаль табыстады.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен Қазалы ауданы мәслихатының хатшысы Назымбеков Күнтілес, аудандық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңес төрағасы Әлімбай Қасқырбай, «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Көләнов Қуаныш, Қазалы аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері Кеубасов Орақ, «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің механизаторы Мылтықбай Төрехан «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Мерекеге орай Қазалы ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» теміржол өрт сөндіру мекемесінің аға өрт сөндірушісі Оспанов Мейрамбек, Қазалы аудандық орталық кітапханасының директоры Назарова Индира, Қазалы аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбиев Берік, Абай ауылындағы №23 Қарлығаш балабақшасының меңгерушісі Жаңабай Баян, №4 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші қызметкері, азаматтық қорғау сержанты Бисенбаев Даурен, Қазалы аудандық емханасының бөлім меңгерушісі Әбдікәрім Баян, Қазалы аудандық электр торабының оперативтік шұғыл-шығу бригадасының электромонтері Өтеулиев Дархан, Қазалы аудандық Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Қуанғалиев Берікбол марапатталды.
Еңбектеріңіз жемісті, марапаттарыңыз құтты болсын!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.