Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәртебелі мамандық иелері марапатталды

Мәртебелі мамандық иелері марапатталды

Әлемдегі қастерлі мамандықтың бірі – ұстаздық. Оның ғылымға барар жолдың іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы екені даусыз. Ал сол мақсатта тер төгіп, жас өскіндерді білім нәрімен сусындатып жүрген үздік педагогтардың еңбегі ерен. Қадірлі мамандық иегелерінің марапат төрінен табылуын жауаптылар қаперден қалдырған емес.
Өткен аптада аудандағы бірқатар ұстаздар білім бөлімі басшысының қабылдауында болды. Аталған жүйенің дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан Дәулет Бақытбергенов, Эльмира Нұрмағамбетова, Әлия Сағымбай, Еркебұлан Рахов, Ұлболсын Алматова сынды ұстаздар қауымы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің марапатын еншіледі. Сондай-ақ басқосуда бірнеше ұстазға Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім беру орталығының Алғыс хаты табысталды.
Жиын барысында аудандағы мектепалды тәрбие жұмысына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Эльмира Нұрмағамбетова ризашылық пейілін ақтарыла жеткізді.
– ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын алдым. Шүкір, бұл бүгінге дейін білім саласындағы еңбегімнің қайтарымы. Жұмысымның еленгені. Үздіктер қатарынан төбе көрсетіп, ерекшеленгенім деп білемін. Тек мен ғана емес мұндай марапатқа аудандағы барлық әріптестер лайық. Сондай-ақ атқарып жатқан ісімізді елеген басшылыққа ризашылығымды білдіремін, – деді ол.
Шара соңында білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Бектұр Қали жас ұрпақтың білім кеңістігін кеңейтуге атсалысып, ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан аяулы жандарға шығармашылық даму мен толағай табыс тіледі.

Абзал ЖОЛТЕРЕК

21 қазан 2020 ж. 635 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930