Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Марапат төрінде – мұғалім

Марапат төрінде – мұғалім

Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде өткен мерекелік кеш "Мұғалім – мейірімділік меккесі" аталды. Сахна шымылдығы бишілердің орындауындағы қазақ биімен ашылды.

Бұдан соң аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бала жанының бағбанына айналған ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Баршаңызды төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Негізінен, бұл мереке әрбір адам құрметтейтін бүкілхалықтық мейрам деп есептеймін. Тәуелсіз елімізді өркениетке бастар жол – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – ұстаз!

Біздің ауданда да ұстаздардың мәртебесін көтеру, біліктілігін арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Өткен оқу жылының өзінде 1739 ұстаз жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырды. Қазір осы мұғалімдерге мемлекет тарапынан 30 процент көлемінде қосымша ақы төленіп отыр. Бұдан бөлек, аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша аттестатталған педагогтарға 30-50 процент аралығында, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде сабақ берген ұстаздарға 35 мың теңге көлемінде қосымша ақы төленуде. Ауылдық жерде тұратын ұстаздарға қатты отын алу үшін әр ұстазға 10 мың теңге көлемінде көмек беріледі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында биыл жұмысқа орналасқан 20 жас ұстазға 3,5 миллон теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілсе, 41 мұғалім тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қазір ауданда үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді, апаттық мектептер қатары жойылды. 3-6 жас арасындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылды.

Ұлттық тәрбие мен заманауи білімді бір-бірімен ұштастырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу – сіздерге жүктелген абыройлы міндет. Осындай жауапты жұмыс жүктелген мамандықты меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан баршаңызға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі мерекеде өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Жаңа заманның төрінен лайықты орын алатын білімді жастарды тәрбиелей беріңіздер, – деді аудан басшысы.

Мерекелік салтанатта ардагер ұстаз Күләш Мергенбаева Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу мақсатында өткізілген «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары №249 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Гүлзира Қонысбай, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлфайруз Әлішева және №170 орта мектептің 8 сынып оқушысы Гауһар Әзен, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Көшекбаеваға жүлде қорының сертификатын табыстап, аудан әкімі алғыс хатпен марапаттады.

Мерекеде мерейі тасып, құрметке бөленген аяулы жандар қатары аз емес. Бірқатар білім саласының қызметкерлеріне ҚР Ғылым және білім министрінің құрмет грамотасы, Алғыс хаты, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаты және облыстық білім басқармасының марапаттары табысталды. Ортаға аудан әкімінің ықылас гүлі әкелініп, мерекелік көңіл-күйді одан әрі тасытты.

Ауданның бас ұстазы Бектұр Қали мәртебелі мамандық иесі – мұғалімдерге ізгі тілегін арнап, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Алты алаштың басы қосылған жиынның төрі – ұстаздікі. Төрге шыққан құрмет иелері – ардагерлер, ұстаздар қауымы мерекелік концертті тамашалады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
05 қазан 2019 ж. 1 674 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930