Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысты өткен турнир

Тартысты өткен турнир

Биыл Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің іргетасы қаланғанына 100 жыл толды. Бір ғасырдан астам уақыт бойы шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, ел дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарды түлеткен қасиетті қара шаңырақтың ғасыр тойын мектеп ұжымы өз дәрежесінде атқаруда. Сонымен қатар биыл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған дене тәрбиесі пәні мұғалімі, тәжірибелі ұстаз, ардагер спортшы Шаймерден Сарбалаев зейнет демалысына шықты. Қатар келген қос той қарсаңында мектеп ұжымы волейбол мен дойбы ойындарынан аудандық турнир ұйымдастырды.

Тартысты бәсекеге аудан бойынша 16 команда қатысты. Оның 7-еуі волейболдан, қалған 9-ы өзара дойбы ойнаудан сынға түсті. Бірнеше сағатқа созылған доданың жеңімпаздары анықталды. Оларға кубок пен сыйлық үлестіруге аудандық спорт, аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен мектептің кәсіподақ комитеті демеушілік жасағанын айта кеткен жөн.

Турнир қорытындысына сәйкес Жалаңтөс батыр ауылындағы №103 мектептен құралған топ бірінші орынды иемденді. Қашақбай Пірімов ауылындағы №92 мектептің саңлақтары екінші, Ақтан батырлық №190 мектептің спортшылары үшінші орынды місе тұтты. Ал №70 мектептен құралған командаға аталған мектеп директоры Қымбат Сермаханның ынталандыру сыйлығы бұйырды.

Ой жарысының жүлдегерлері де жеңіске жету үшін аз еңбектенген жоқ. Біріне сәттілік серік болса, екіншісі бабы сай болып абырой биігінен көрінді. Бұл орайда Қ.Пірімов ауылының тумасы Сәбит Шүленбаев бірінші орынды олжалады. Екінші орынды №249 мектеп-лицейден Ахмет Айнадин, үздік үштікті белгілі тарихшы Бақытжан Түменбаев шегендеді.

Турнирдің жабылу салтанатын аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Раман қорытындылап, жүлдеге ие болған командаларды марапаттады. Сонымен қатар Ш.Сарбалаевқа аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Алғыс хатын, облыстық кәсіподақ комитетінің құттықтауын, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы мен аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағановтың Алғыс хатын, «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінен «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін табыстады.
Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
24 желтоқсан 2019 ж. 1 246 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930