Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқыту семинары өтті

Оқыту семинары өтті

Сәрсенбі күні аудандық клуб төрінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ұйымдастырған «Етті ірі қара мал шаруашылығында заманауи технологияларды, жабдықтар мен техниканы трансферттеу және бейімдеу бойынша ғылыми жетістіктерді енгізу және тарату» тақырыбында семинар өтті.
Жиынға аудан төңірегіндегі шаруа қожалықтары, ауыл-аймақтардан келген кәсіпкерлер қатысты. Семинарды ашып берген аудандық ауыл шаруашылық бөлім бастығының орынбасары Сапарбек Қуатов: «Қазіргі таңда мемлекет төңірегінде агросалаға деген айрықша қамқорлық көрсетіліп отырғаны бәрімізге мәлім. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының ықпалдастығымен өтіп жатқан бұл семинардың жергілікті шаруа қожалықтарына берер білімі мен тәжірбиесі мол. Зерттеуге негізделген заманауи технологияларды игеруді, етті ірі қара малды бордақылау кезінде аспаптарды қолдануды іс жүзінде көрсетуге келген мамандардың кеңесін тыңдап, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болып отырмыз», – деді.
Семинар жүргізушісі Әлия ­Ахметалиева аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі – «Сыр Маржан» ЖШС мал бордақылау кешенінде жергілікті жердегі ірі қара мал азығын, асырауы мен бордақылау технологиялсын зерттей отырып, Қазалы ауданындағы шаруа қожалықтарына деген өзінің ғылыми негізге жинақталған ұсыныстарын айтып өтті.
Бұдан соң ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Еркінғали Батырғалиев «Етті ірі қара мал шаруашылығында қолданылатын заманауи жабдықтар мен техникалар» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз кезегінде етті мал шаруашылығында алдыңғы қатарлы технологиялық жағынан дамыған озық елдер: Канада, Австралия сынды елдердің үздік технологиялар трансферетін пайдалануымыз қажеттігіне тоқталып өтті. Қоршалған жайылымдардың тиімділігі, модельдік фермаларды құру кезінде ғимараттар мен үй-жайлардың құрылымы мен материалдарының таңдалуы турасында жалпақ жұртқа түсінікті етіп айтып берді. Төлді өсіру және бордақылау ­технолгоиясына қатысты кестелер мен слайд жұмыстарын көрсету кезінде жайылым түрлерінің ірі қара малдың тірілей салмағын алудағы әсері жайлы сөз болды. Баяндамадан кейін жиылған жұртпен пікір алмасуға уақыт бөлініп, Еркінғали Батырғалиев өзімен қоса алып келген неміс технологиясымен жұмыс істеуді көрермендер алдында көрсетті.
Мал азықтарының түрі мен азық құндылығын ескере отырып азықтандыру жайлы сөз қозғаған Әлия Ахметалиева кәсіп иелеріне ірі қараға берілетін азықтың негізгі түрлерінің құрамы және қоректілігі турасында баяндама жасады.
Семинардың практикалық бөлімінде олар қатысушылармен бірге «Сыр Маржаны» ЖШС мал бордақылау алаңына барып, малдың ет сапасын тірі кезінде бағалауға арналған УДЗ сканерін пайдалануды іс жүзінде көрсетіп берді.
Бір күндік семинар барысында білмейтін тұстарына жауап алып, тәжірбие мен ­теорияны біріктірудің баспалдағын еңсерген жерлес шаруа қожалықтардың атынан Асылан Мінәжадин семинарды өткізуге себепкер болған аудандық ауылшарушылық бөлімі мен Қазалы агроколледжіне өз алғысын білдірді.
А. ҚАЛДЫБАЙ
03 қазан 2020 ж. 956 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 20

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 21

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 20

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031