Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге арналған оқыту-семинарына шақырамыз

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге арналған оқыту-семинарына шақырамыз

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер үшін «Біліктілік орталығының» ұйымдастыруымен аймақта маусым-тамыз айлары аралығында оқыту-семинарлары өткізілетіндігін хабарлайды.

2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП жанынан ауыл шаруашылығымен айналысатын фермерлердің білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында арнайы «Біліктілік орталығы» ЖШС ашылған болатын.

Серіктестік қызметінің басты міндеті – кәсіпкерлік субьектілеріне және кәсіпкерлікті жүргізуге бастамасы бар халыққа біліктілігін жетілдіру арқылы қолдау көрсету. Орталық ауыл шаруашылығының негізгі екі саласы: мал және өсімдік шаруашылығы бағыттары бойынша тегін семинарлар өткізіп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне теориялық және практикалық бағыттарда кеңестер береді.
2019 жылы облыс бойынша 5 семинар өткізу жоспарлануда.

- маусым, шілде айларында өсімдік шаруашылығы бойынша Қызылорда қаласы «Қызылорда» білім тарату орталығында дәнді, майлы және бұршақ дақылдары туралы 2 семинар;
- шілде, тамыз айларында етті мал шаруашылығы бағыты бойынша Жаңақорған ауданындағы «Заман Ата» шаруа қожалығында және «7 КZ Сыр табиғаты» шаруа қожалығында жеміс-жидек дақылдары туралы 2 семинар;

- тамыз айында бақша дақылдары туралы Қызылорда қаласындағы жеке кәсіпкер «Жаса Агро»-да 1 семинар өтеді.

Семинарды өткізуші спикерлер:
- мал шаруашылығы бағыты бойынша «Біліктілік орталығының» сарапшысы Думан Нағашыбекұлы;
- егін шаруашылығы бағыты бойынша Қазақ Ұлттық Ауыл шаруашылығы Университетінің «Агрохимия және топырақтану» кафедрасының профессоры Айгүл Жаппарова;
- егін шаруашылығы бағыты бойынша «Қайнар қазақ көкөніс-бақша» ғылыми-зерттеу институтының бас агрономы Жарас Мамырбеков;
- егін шаруашылығы бағыты бойынша «Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш» ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әсет Тоқтамысов;
- егін шаруашылығы бағыты бойынша «Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Камалдин Шермағанбет;
- егін шаруашылығы бағыты бойынша «Ы. Жақаев атындағы қазақ күріш» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Жанұзақ Байманов.

Семинарға қатысуға ниет білдірген ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірмановаға хабарласа алады. байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81, 8 701 560 11 27, 8 747 354 74 51.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
20 маусым 2019 ж. 1 900 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930