Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік көлік: Талап пен жеңілдік

Шетелдік көлік: Талап пен жеңілдік

Өткен жылы шетелден кіргізілген көліктерді тіркеу қоғамда қызу талқыланды. Өйткені жат техникаларды Қазақстанда заңды түрде тіркеу мәселесі жолға қойылмаған еді. Себебі көптеген отандасымыз Армения, Қырғыстан, Ресейден тиімді бағада темір тұлпар мініп келді. Бірақ Қазақстан Үкіметі мұны бұдан әрі жалғастыруға болмайтынын ескертіп, алдымен елге сол кездің өзінде кіріп кеткен 200 мыңға жуық көлікті заңдастыруға кірісіп кеткен. Десек те бұл шаруа да шенділер үшін оңай шағылатын жақғақ болмай тұр.
Шынымен де соңғы уақытта орын алып жүрген жол-көлік оқиғасының шетелдік көліктердің қатысуымен болып жүргенін білу үшін арнайы статистикаға қараудың қажеті шамалы. Бір ғана Қазалының өзінде тәртіп бұзатын шетелдік көлік иелері жетерлік. Мұны жергілікті полицейлер жоққа шығармайды. Сөйте тұра оларды тез арада анықтау, қылмыстық-әкімшілік жауапкершілікке тарту қиындық тудыруда. Өйткені заң аясында Қазақстанда тіркелмеген көлікті жазалауға болмайды. Бұны біліп алған жатжұрттық көлік иелері арасында жол ережесіне немкетті қараушылар жолығады. Соның салдары адам өліміне алып келген жағдайлар да кездеседі.
Шетелден тасушылар Қазақстандағы көлік нарығының қарапайым тұрғындар үшін қолжетімсіздігіне назданады. Оның үстіне шетелден көлік ағыла түскен соңғы екі-үш жылда “қой дейтін Қожа” табылмай, бір ғана сәтте жатжұрттық тұлпарлардың елде жүруін заңсыздандырған шенділерге наразы. Ал көліктің шыққан жылы стандартқа сай келмеген мүлік иеленушілері оны елде тіркеу қалтаға ауыр салмақ салатынын айтуда. Мәселен, “Евро-4” немесе “Евро-5” талаптарына сай емес көліктерді тіркеу миллионнан астам қаражатты талап ететін көрінеді.Ақырында шетелдік көліктерді уақытша тіркеп, арнайы сары нөмір беру туралы шешім қабылданғанын көпшілік жақсы біледі. Бұл заң күшіне енгеніне де жыл өтті. Алайда бұл халықты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, мүліктерін тіркеуге итермелеп отырғаны шамалы. Бұқаралық ақпарат құралдарынан күні кешеге дейін әр облыстағы “Шетелдік көлігін тіркеген алғашқы азамат” тақырыбымен үгіт-насихат жұмыстары жүруде. Бұдан билік басындағылар көздегендей жоспар бойынша жүріп жатпағанын байқауға ­болады. Негізінен шетел көлігін елге кіргізгендер шілде айының біріне дейін мүліктерін тіркеу міндеттелген. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақтағы көлік құралдарын тіркеуі керек еді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алым, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығы төленуі тиіс болатын. Алайда жатжұрттық көлікке ие азаматтар тіркеуге түгел бармағандықтан, тәртіп 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шегерілді. Онымен қоса алым-салымдар жүктемесі де шешілген. Бұл жайында бірер ай бұрын елдің Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.
– 1 қыркүйекке дейін Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу бүкіл ел бойынша жүргізіледі. Сол жақ рульмен жүретін, Қазақстан азаматтары үшін Арменияның уәкілетті органында тіркелген және 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген автомобильдерді тіркеу қажет. Бұл ретте алғашқы тіркеу, пайдалану алымы мен кедендік баж салығы үшін заңда алдын ала қарастырылған барлық алымдар міндеттелмейді. Сонымен қатар, болашақта осы тіркеу аясында төлем төлеу міндеттемесі туындамайды, – делінген сол мәлімдемеде.
Ел үкіметі мүлікті тіркеуде халықтың жағдайына қарасып отырғаны белгілі. Міндетті төлемдерге де кеңшілік жасағаны көпшіліктің көңілінен шықты. Министрлік “алдымен көлікті тіркетіп алып, кейін түрлі салықты мойынға жүктейді” деген сарындағы алып-қашпа әңгімелердің алдын алып, ресми “уәдесін” де берді. Ендеше қыркүйек айы басталғанша шетелдік көлік иелері тұлпарларын заңдастырып алғаны құба-құп. Әйтпесе барлық міндеттемеден босатқан жауаптылар тек тіркелудің өзіне бейжай қарағандарды жауапкершілікке тартар болса, оларға кінә арта алмайтынымыз түсінікті.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 тамыз 2020 ж. 877 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930