Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Армениядан әкелінген 3 мыңға жуық көлік әлі тіркеуден өтпеген

Армениядан әкелінген 3 мыңға жуық көлік әлі тіркеуден өтпеген

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам автокөлік тіркеліп, қазақстандық нөмірді алған. Тіркеуден өтпеген тағы 3 мыңға жуық көлік бар. Рулі оң жақта орналасқан 6,5 мың көліктің мәселесі де ашық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осы мәселе төңірегінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты. "М.Баймұқашев атап өткендей, армян нөмірлері бар көлік мәселесіне ерекше назар аударуға бірнеше фактор әсер еткен. «Біріншіден, олардың саны көп болғаны соншалықты, жол-көлік оқиғалары статистикасына жиі ене бастады. 2019 жылы Армениядан келген көліктердің қатысуымен 2 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды, оның 130-ы адам қазасымен аяқталды. Екіншіден, көлікті сенімхат арқылы сатып алған кейбір жүргізушілер бейнебақылау жүйелері өздерінің нөмірлік белгілерін анықтай алмайтынын түсініп, жол ережелерін әдейі бұза бастады. Мәселен, 3 миллион теңгеден астам сомаға 400 рет заңды бұзған жүргізуші бар", дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. Оның айтуынша, Армениядан әкелінген рулі оң жақтағы көліктер саны – 6,5 мың.
"Оның 2 мыңы Арменияда тіркелгенге дейін қайта жабдықталған. Яғни, Арменияда қазірдің өзінде бұл көліктер рулі сол жақтағы көлік ретінде тіркелген. Үкімет шешімімен бұл көліктер арнайы зертханаларда сынақтан өтуі керек. Диагностикадан кейін автокөліктің қазақстандық жолдарда пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды жасалады. Автокөлік иесіне ішкі істер органдарының осы көлікті тіркеуі үшін негіз болатын тексеру актісі жасалады", дейді ол.
Спикер атап өткендей, рулі оң жақта орналасқан 4,5 мың автокөліктің мәселесі ашық күйінде қалып отыр.
"2008 жылдан бастап Қазақстанда оң рульді көлік құралдарын тіркеуге шектеу енгізілген болатын. 2015 жылы Қазақстан Кеден одағының техникалық регламенттерін ратификациялады, онда бұл шектеулер нақты көрсетілген. Армениядан автокөлік әкелген Қазақстан азаматтары бұл тыйым туралы білді. Мемлекеттік органдар көлік иелерімен кездесіп, қазір ымыраға келудің шешімін қарастыруда. Оң жақтан басқарылатын автокөліктерді сол жақтан басқарылатын автокөлікке айналдыруға техникалық жағдай жасау үшін жергілікті автокөлік өндірушілер, шетелдік компаниялардың ресми дилерлері тартылады. Ішкі істер министрлігінің басшылығы бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды. Сондықтан қазір осы санаттағы көліктерге тіркеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда", - дейді Мұрат Баймұқашев.
23 тамыз 2020 ж. 744 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031