Аудан ажары артып келеді
Соңғы уақытта ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ажары күннен-күнге артып келеді. “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы” бағдарламасы бойынша қыруар шаруа атқарылды. Осыған орай төл мереке қарсаңында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевпен сұхбаттасуды жөн көрдік.
Аудандағы құрылыс жұмыстары көңіл қуантады. Онымен халық та хабардар. Солардың бірқатарын тілге тиек етсеңіз...
– Биыл Әйтеке би кентінен 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысына несие есебінен республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылысы басталды. Бұл нысанның салыну ұзақтығы 8 ай. Осы жылдың шілде айында басталған жұмыс алдағы жылы бітуі тиіс. Аталған ғимараттың жетіспейтін қаржысына облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Қаржы мәселесі толық шешімін тапса, құрылысын биыл аяқтап, тапсыруға мүмкіндік бар.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына орай Әйтеке би кентінде көліктік логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл бойынша ауызсу, кәріз жүйесі, телефон мен электр, газбен жабдықтау құрылысы атқарылады.
Сондай-ақ жұмыспен қамтудың “Жол картасы” аясында 3 жобаның құрылысы жүруде. Әйтеке би кентіндегі “Аймақаш” тұрғын ауданын электр, газ, су сынды инженерлік желілермен қамтамасыз ету құрылысына қажетті қаржы бөлінді. Оған жұмыспен қамту орталығы арқылы 25 адам жұмылдырылды. Қазір ондағы электрмен жабдықтау аяқталды. Ауызсумен, газбен қамту тамыз айында толықтай бітеді. Барлығы 120 жер учаскесі беріледі. Ал Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі кварталішілік газ құбырларының құрылысына да қомақты қаржы бөлініп, 30 адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда барлық атқарылатын шаруалардың 80 проценті орындалды.
Майлыбас ауылдық округінің, Ақсуат ауылында 150 орынға арналған ауыл клубы құрылысына 210,823 млн теңге қаржы беріліп, 26 адам жұмыс істеуде. Осы жылдың мамыр айында басталған ғимаратты, 2021 жылдың сәуір айында табыстау міндеттелді. Дегенмен мердігер тарапынан 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтап, тапсыру жоспарланып отыр.
Керемет бағдарламаның бірі – «Ауыл – ел бесігі» аясында Бекарыстан би елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу құрылысы қолға алынуда. Жұмыспен қамтылғандар саны 8 адамды құрайды. Құрылыстың ұзақтығы 6,5 ай, нысан биыл тапсырылады деп көзделуде.
Сонымен бірге облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен 4 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы. Оған 2020 жылға 505,0 млн теңге қаржы бөлінді. Қосымша қажетті қаржы көлемі 1,946 млрд теңге деп белгіленген.
Әйтеке би кентінде тағы бір мемлекеттік ғимарат салу межеленіп, 2020 жылға 148,9 млн теңге қаржы бөлінді. Нысан 2020 жылдың қазанында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Сонымен бірге Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйінің құрылысына осы жылы 360,42 млн теңге қаржы берілді. Нысанды алдағы желтоқсан айында тапсыруға күш салынуда.
Былтыр қолға алынған Ақсуат ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысының жұмысы аяқталды. Бұл жұмыстармен қатар аудандық бюджеттен тамыз айындағы Майдакөл және Жанқожа батыр елді мекеніндегі тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізуді бастауға 20,0 млн теңге бөлу қарастырылуда.
Сонымен қатар Қазалы қаласын газбен жабдықтауға үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен қаржы тарту жоспарлануда. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға аудандық бюджеттен 3,7 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге дайындық жүргізілуде.
– Жаңадан қаржыландыруға ұсынылатын жоба-сметалық құжаттары жайлы не айтасыз?
– Жыл басында аудандық бюджеттен жаңа жобалар үшін 42,3 млн теңге бөлініп, 4 жоба әзірленуде. Олардың сараптама қорытындысы тамыз, қыркүйек айларында алынады. Атап айтқанда, Әйтеке би кентінен 250 орындық №170 мектеп құрылысының, №226 мектеп гимназиясына қосымша спорт зал салу жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және сараптамадан өткізу. Әйтеке би кентінен 2 қабатты 12 пәтерлік 12 жалдамалы тұрғын үйді сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, кент орталығындағы 1 тренажерлік және стритбол алаңының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және сараптамадан өткізу жоспарланды.
Бұл жұмыстармен қатар тамыз айында аудандық бюджеттен 30,6 млн теңге қарап, 4 жобаны әзірлеу межеленіп отыр. Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов елді мекендерін газбен жабдықтау нысанының және Қазалы қаласынан бір қабатты 20 арендалық, Әйтеке би кентінен бір қабатты 20 арендалық тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу және сараптамадан өткізу көзделуде.
– Кәсіпкерлік мақсатта салынып жатқан нысандар жағдайы қалай?
– 2020 жылдың 1 тамызға дейін 4 кәсіпкерлік нысан, құны 502,0 млн теңге статисткалық есепке алынған. Жыл соңына дейін 11 кәсіпкерлік нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
– Жеке тұрғын үй құрылысы туралы да білсек...
– Бұл бағытта биылға бекітілген жоспар 48,0 мың шаршы метрді құрайды. 2020 жылдың 7 айында 16,3 мың м2 қабылданған, 2019 жылмен салыстырғанда 108,9 процентке орындалды. Қай кезде де құрылыс нысандарын жүргізу тоқтамауы тиіс. Біз де алдағы уақытта аудан көркін келтіретін жаңа ғимараттардың бой көтеруіне атсалысып, бар күш-жігерімізді жұмылдыра береміз.
– Сұхбатыңызға рақмет, келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Әңгімелескен Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА