Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос аралықтағы құрылыс қарқынды

Қос аралықтағы құрылыс қарқынды

Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығында қарбалас, қызу тірліктің ­басталып кеткеніне біршама уақыт болды. Жол бойының екі жағында да қарқынды құрылыс жұмыстары басталған. Еңселі ғимараттардың бірі толықтай бітіп, пайдалануға берілсе, енді бірі ортан беліне жетті. Жуырда ғана іргетасы қаланған емхананы да халық игілігіне беру үшін қарқынды іс жүргізілуде.

Аудандық құрлыс, сәулет бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің біріктірілген бас жоспары әзірленген. Ол кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алып, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген.
Бас жоспарға сәйкес екі аралықтан ашылатын үш участокке, яғни 441 гектар аумаққа инжерлік инфрақұрылым жүргізуге 4,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, 32,7 шақырым жол, 74,85 шақырым электр, 48,4 шақырым ауызсу, 46,3 шақырым газ желісі тартылған. Жаңа тұрғын аймақтардан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға 1000-ға жуық жер учаскесі табысталады.
Жоспарда Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығын дамыту жан-жақты қарастырылған. Бюджет қаражатынан бөлек жеке инвестициялар есебінен өткен жылы «Sinоoil» авто жанар-жағар май бекеті, «Sulpak» сауда орталығы іске қосылса, биыл ресторан ғимараты бой көтереді деп күтілуде.
Қазір ауданаралық аурухана, аудандық мекемелер үйі, сот ғимараты пайдаланауға берілген. Көркі көз сүйсінтетін нысандардың қатары жақында 600 орындық мәдениет үйі, 250 адам қабылдауға арналған емханамен толығады. Мәдениет үйінің құрылысын бас мердігер «ҚазқұрылысСервис» ЖШС салуда. Ал емхана құрылысының бас мердігері – «SCS Инжинеринг» ЖШС. Жоба құны 152,3 млн теңге болатын әкімшілік ғимаратының құрылысын салуды «Орион LTD» ЖШС атқарып шықты. Тапсырысшы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Бұдан бөлек бұл аралықта кәсіпкерлік мақсаттағы нысандардың құрылысы қолға алынады. Ауыз толтырып айта кетер жағымды жаңалық – 2 қабатты 12 тұрғын үйдің де қала мен кент аралығынан бой көтеретіндігі. Тұрғын үй кезектілігін азайту мақсатында жүзеге асырылатын жоба бүгінде әзірленіп, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінімдері тапсырылған. Бүгінгі күнге аталған нысанның құрылысына қаржысы күтілуде.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 мамыр 2020 ж. 923 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930