Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Қазалыда тұрғын үй құрылысы көбейеді»

«Қазалыда тұрғын үй құрылысы көбейеді»

Қазалыда құрылыс салу қарқыны жыл санап артып келеді. Көрікті ғимараттармен толыққан кент көшелерінің келбеті көз тартады. Әлеуметтік нысандар салумен қатар көп қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Қазір Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Жуырда осындай игі істердің басы-қасында жүрген құрылысшылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтай барғанымызда аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бақытжан Тиыштықовпен сұхбаттасудың сәті түсті.
– Бақытжан Тиыштықұлы, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Жалпы биыл аудандағы құрылыс қарқыны қалай?
– Осы жылы Қазалы ауданы бойынша 20 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Әйтеке би кентінен 300 орындық мектеп пен Жанқожа батыр ауылынан спорт кешені салынды. Кенттен көлемі 210 гектар, Қазалы қаласынан 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау, жолдар салу жұмыстары атқарылып жатыр. Әйтеке би кентінен салынатын 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысы және осы жобаның инженерлік инфрақұрылым жұмыстары, Қарлан учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізу, Қазалы қаласынан және Ақсуат ауылынан спорт алаңының құрылыстары басталды. Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйі салынады. Бас мердігер «КазҚұрылысСервис» серіктестігі.
– Әйтеке би кентінен салынатын тұрғын үйлерді инфра­құрылыммен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр дедіңіз. Осы туралы тарқатып айтып өтсеңіз...
– Иә, аталған жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен өткен жылы 100 млн теңге, облыстық – бюджеттен 10 млн теңге қаралған. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бас мердігер «Қазалы Жолшы» серіктестігі. 2018 жылға 265,012 млн теңге, облыстық бюджеттен 30,456 млн теңге бөлінген. Нысан осы тамыз айында тапсырылады деп күтілуде.
Осы жобаның электрмен жабдықтау құрылысына республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар толығымен игерілді. Бас мердігер «Строительная компания Орда Құрылыс» ЖШС.
– Қазалы қаласынан да тұрғын үйлер салуға жер учаскесі бөлінді. Осы аумақтарда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлер де инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұған 2017 жылы облыстық бюджеттен 5 млн теңге қаржы белгіленді. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Бас мердігер «Нұр-Талап» ЖШС. Биылғы жылда республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоспарланған жұмыстар осы жылдың қазан айында аяқталады.
– «Қарлан» учаскесіндегі тұрғын үйлер­ге жүргізілген сервистік ауыз су желісі туралы айтсаңыз...
– Бұл жобаның құны 9,5 млн теңге. Ауыз су желісін тарту ісін «РЗА» АҚ жүргізді. Мау­сым айынан бастап тұрғындар ауыз суды пайда­ланып отыр.
– Жыл өткен сайын халық саны өсіп, тұрғын үйге мұқтаж жандардың қатары артуда. Осы мәселенің түйінін шешу жолын­дағы қарекет қалай?
– Иә, жер сұрап өтініш жазған азамат­тардың саны күннен-күнге өсіп, жаңадан тұр­ғын үй кварталдарын ашу қажеттігі туындауда. Осы мақсатта тұрғындардың ұсынысына сәйкес аудан халқын Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы жер учаскелеріне шоғырландырып, жаңадан ашылатын тұрғын аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Қазалы қаласынан көлемі 261 гектар, Әйтеке би кентінен көлемі 446 гектар жер учаскесінде жолдар салу, ауыз сумен, электрмен, газбен жабдықтауға облыстық бюджеттен өткен жылы 97,063 млн теңге қаржы бөлініп, жобалар әзірленді. Жобада жолдар салу 7,7 шақырым, электрмен жабдықтау 16,9 шақырым, ауыз сумен жабдықтау 105,8 шақырым, газбен жабдықтау 63,5 шақырым болып қаралған.
2018 жылға ұсынылған 5 газбен жабдық­тау, 3 электрмен жабдықтау, 2 ауыз сумен жабдықтау, барлығы 10 жобаға республика­лық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды. Құрылысын бастауға тиісті жұмыстар жүруде. Бір жоба инвестицияларды дамыту министрлігінің тұрғын үй коммуналдық істер комитетіне ұсынылып, қаржысы 2019 жылға бөлу жоспарланды.
– Бақытжан Тиыштықұлы сұхбаты­ңызға рахмет. Аудан сәулетін арттырудағы атқа­рып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
11 тамыз 2018 ж. 2 012 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930