Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол алаңы пайдалануға берілді

Футбол алаңы пайдалануға берілді

Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын 5 ықшам ауданының жасөспірімдері мен ересектерінің қуанышында шек жоқ. Жақында жаңа футбол алаңы Г.Елховиков көшесінің бойына салынып, пайдалануға берілді.
– Бұл жаңалық мені ғана емес, жүздеген жастар мен аға буын өкілдерін де қуантты деп ойлаймын. Бұдан бұрын доп тебуге тек стадионға немесе колледж ауласында орналасқан футбол алаңына баратынбыз. Енді су жаңа алаңда күні бойы доп тебуге болады. Осындай заманауи спорттық ауланың салынуына қолдау білдірген азаматтарға, бүкіл тұрғындар мен жастар атынан рахметімізді айтамыз.
Келешек ұрпақ пен жастардың спортпен айналысуына зор септігін тигізетін алаң баршаңызға құтты болсын! – дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Қуаныш Жиенқұлов.
Бұл С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп маңын шаңдатып, теңбіл доптың қызығына тоймайтын балалар үшін де ерекше пайдалы. Қазір олар арнайы орынға барып, өз кезектері келгенде доп қуалап асыр салуда.
– Алғашқыда ойын алаңын салып жатқанда қашан бітеді екен деп асыға күттік. Енді күнде келіп, әбден шаршағанша достарыммен осында футбол ойнаймын. Бір жақсы жері доп машина жолға домалап кетпейді. Жан-жағы қоршалған. Жасанды төсеніші жұмсақ. Өзімізді нағыз аяқдопшылардай сезінеміз. Маған шетелдік футболшылардың ойыны ұнайды. Мен де солардай мықты ойыншы болуды армандаймын, – дейді Бекнұр Жәмет.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай спорт алаңы шығыс қақпа беттегі теміржол өткелінің жанынан да орын алған болатын.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 шілде 2020 ж. 1 244 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930