Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт алаңы – сергектік сыйлайды

Спорт алаңы – сергектік сыйлайды

 Қазалы қаласында ардагерлер алаңы абаттандырылып, қосымша спорт алаңы ашылды. Игі іске тұрғындар мен жастар қауымының ризашылығы мол.

Елбасының халыққа Жолдауында өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырғаны белгілі. Сонымен бірге қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысуға аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет екенін де айтқан болатын. Осы орайда Қазалы қаласындағы «Ардагерлер алаңының» ішін және Ж.Жабаев көшесінің бойында орналасқан бұрынғы аурухана алаңын 32 дана спорттық тренажер құрылғыларымен жабдықтауға аудандық бюджеттен он миллион теңге қаржы бөлінген. Аталған құрылғыларды орнатумен айналысатын мердігер мекеме – «Карат» ЖШС тиісті жұмыстар жүргізуде.
– «Спорт – денсаулық кепілі». Күн сайын осы алаңға ардагерлер жиналып, өткен-кеткенді сөз етіп бір жасап қалады. Енді олардың шама-шарқынша спорттық жаттығулар жасауға да мүмкіндіктері бар. Жастар үшін де жағымды жаңалық болды. Алаңға кез келген уақытта келіп, жаттығу құралдары қызметін пайдалана алады, – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Көланов.
Қала әкімі Рахметулла Ізтілеудің айтуынша, Ж.Жабаев көшесіндегі бұрынғы аурухана алдына да 16 дана спорттық тренажер орнатылуда. Толық аяқталғаннан кейін қаланың батыс беткейіндегі халық оның игілігін көреді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
10 тамыз 2019 ж. 1 580 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031