Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз өніміміз өркендемек

Өз өніміміз өркендемек

Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қазалылық кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуда ол кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылып отырған игі істерге тоқталды. Биыл облыс әкімінің бастамасымен «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланғандығын айта келе, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселесінің тиімділігін тілге тиек етті.
– Ауданға келетін картоп, жуа, сәбіз, қырыққабаттың 90 пайызы сырттан әкелінсе, жоңышқа Жаңақорған, Қармақшы аудандарынан тасымалданады екен. Одан да сол көкөністерді ауданымызда өндіріп, екінші Түркістан атанған Қазалының базарларына неге қоймасқа? Неге біз сол жоңышқаны, мал азықтық жем-шөпті өзімізде дайындамаймыз? Оған ауданның мүмкіндігі жетеді. Шаруашылықпен айналысамын деуші азаматтарға жер бар. Осыған сәйкес, құрметті кәсіпкерлер, ауданымызға қажетті көкөніс өнімдерін өндіріп, өз-өзімізді қамтамасыз етуіміз қажет, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, аудан басшысы кәсіпкерлерді өзге аймақтардың сәтті тәжірибелерін зерттеп, бірлесе талдауға шақырды.
Кездесуде «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Әбдікәримов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Бауыржан Нармағамбетов, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Ермек Аймаханов хабарлама жасады.
Жиын барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығын дамыту керектігін, оған қолдау басты назарда тұратындығын айтты.
Е.ТАБЫНБАЕВ.
13 ақпан 2018 ж. 1 505 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930